Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытайға киік мүйізін алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

Сұқбат
Қытайға киік мүйізін алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

Қытаймен шекарада кедендік бақылау кезінде киік мүйізін алып өтпек болған қазақстандық ұсталды. Тексеріс кезінде «Toyota» автокөлігінің қосалқы дөңгелегінен киік мүйіздері жасырылғаны анықталған.  

 «Заң бұзушылық жүргізушімен әңгімелесу және көлік құралын тексеру барысында анықталды. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі қосалқы дөңгелекте 205 дана ақбөкен мүйізін алып өтпек болған.  Бұл көлік Қазақстан Республикасынан «Қорғас ХШЫО» АЭА аумағына келе жатқан», - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта ҚР заңнамасында көзделген процессуалдық әрекеттер жүргізілуде.

Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу