Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сапасыз асфальт төсеген түркістандық мердігерге айыппұл салынды

Құқық
Сапасыз асфальт төсеген түркістандық мердігерге айыппұл салынды

Жол салуда салғырттыққа жол беріп, сапасыз жұмыс атқарған сала мамандарына 7,3 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК ТОФ директоры Ғалымжан Өтенбаев мәлімдеді.


Биыл облыстық әкімдіктің тапсырысымен салынып жатқан жолдардан 642 сынама алынған. Соның 96 сынамасы талапқа сәйкес келмеген. Соған сәйкес, кемшіліктерге жол берген мердігер, техникалық және авторлық қадағалаушы мекемелерге 120-ға жуық ескерту хаттар беріліп, 7,3 млн теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ сапасыз салынған 8100 м² асфальт жабыны қайта төселіп шықты.

Жыл қорытындысымен Түркістан облысында 207,6 шақырым жол, 4 көпір, 4 құбыр, 2 жарықтандыру жобасы толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Қазіргі таңда, 11 нысан толықтай пайдалануға берілсе, қалған 9 нысанда жұмыстар жүріп жатыр.

Фото: almaty.tv  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу