Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шавкат Рахмонов бапкеріне қымбат сыйлық жасады

Спорт
Шавкат Рахмонов бапкеріне қымбат сыйлық жасады

UFC-дегі еліміздің белді өкілі Шавкат Рахмонов бас бапкері Баян Жанғаловқа темір тұлпар сыйға тартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы аралас жекпе-жек шебері өзінің Instagram парақшасында жариялап, бапкеріне алғысын жеткізді. Шавкат көлікті өзі мініп келіп, кілтін Жанғаловтың қолына тапсырды.

Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Бас бапкерім Баян Жанғаловқа бүгін темір тұлпар сыйлауды Алла нәсіп етті. Демеушілік беріп, қолдау білдірген ағам Алидар Болатұлына ризашылығымды айтамын, - деп жазды ол.

Жанғаловтың жетекшілігімен Рахмонов әуесқой ММА бойынша әлем чемпионы атанды, M-1 Global лигасында чемпион атағын жеңіп алды, сонымен қатар UFC-де өнер көрсете бастады.

Оқырман қауым да Шавкаттың бұл әрекетіне риза болып жатқанын байқауға болады.

«Жарайсың», «UFC-де жүрсе де бапкерін ұмытпапты», «Құтты болсын! Ағайдың мәз болғанына не жетсін», «Мықты», «Нағыз шәкірт», «Лайықты бапкер, лайықты сыйлық», «Жарайсың, жауынгер! Бапкерге деген құрмет! Алла қуат берсін, тек биіктерден көрінуге жазсын!» - деп жазған көпшілік.

Қазақстандық файтер бұған дейінгі алты жекпе-жектің барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Әзірге октагондағы соңғы жекпе-жегін желтоқсанда өткізіп, екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды жеңді.

Фото: sportilinet.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу