«Артық әңгіме айтпаңыздар!»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі ажырасуға қатысты нүкте қойды

Оның айтуынша, күйеуімен ажырасқандарына 1 жылға жуық уақыт болған

Сабина Асқарқызы

  • 27.01.2025

 

Жақында ғана отбасымен ажырасып кеткен актер Нұрсұлтан Жақсыген жан сырын ақтарып, әйелін сағынғанын айтқан еді. Актердің әйелі блогер Фариза Алмаз мәлімдеме жасап, күйеуімен қайта қосылмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Нұрсұлтанның сұхбатын, видеоларын, стористарын жібермеген адам жоқ шығар, бәрін көрдім, Астанаға келді, кешірім сұрады, балаларын көрді. Қайта қосылмаймыз! Нұрсұлтанды кешірдім! Өзім үшін, ішімдегіні жіберу үшін. Бірақ артқа жол жоқ! Қайта бірге бола алмаймыз. Әркім өз жолымен кетті! Қосылыңдар деп артық әңгіме айтпаңыздар! Әркімнің ақылы өзіне!, деп жазды Фариза. 

Оның айтуынша, күйеуімен ажырасқандарына 1 жылға жуық уақыт болған.

 Ажырасқанымызға сәуірде бір жыл толады. Негізі үндемей қоя салайын деп едім, барлық жерге шығып кеткеннен кейін шықпасқа амал болмады. Иә, бүкіл халықтың алдында да кешірім сұрады, өзімнен де кешірім сұрады. Мен кешірдім! Бірақ қайта бірге болмаймыз, өткенді айта берудің қажеті жоқ. Осымен бұл тақырып жабылсын. енді сұрамаңыздар. Бәрі бітті! Қайта қозғай бергеннен пайда жоқ, деп жазды блогер. 

Айта кетейік, актер бұған дейін отбасының аяқасты екі жаққа кеткенін және бала-шағасыз үйінің қаңырап қалғанын айтып, жан сырын ашты.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

25.04.2025

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

25.04.2025

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

25.04.2025

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

24.04.2025

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

24.04.2025

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

24.04.2025
MalimBlocks
"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты

Әйелі де алаяқтық бойынша істі болған

«Ондай мүмкіндіктер жоқ еді». Фариза Төреәлі бала күніндегі армандарының орындалғанын айтты

Ол бала күнінен қиялдағанды жақсы көретінін алға тартты.

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

Актриса образымен ерекшеленді.

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

Актриса продюсерлікті қолға алған.