«Ауруың құтырады екен»: әнші Шаһизада денсаулығы сыр беріп жүргенін айтты

Өнер иесі 10 жылдан бері бел-омыртқасының ауырып жүргеніне шағымданды. 

Сабина Асқарқызы

  • 07.02.2025

Қазақстандық танымал әнші Шаһизада қыздар қауымына денсаулықты күту керектігін тағы бір еске салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өзіңді күтпесең, болмайды екен. Мен шауып жүре бергенмін, содан белім, омыртқам ауыра бастады. Негізі бұрыннан келе жатқан сырқат екен, мен өзімді күтпегенмін. «Ештеңе етпейді» деп спортқа барып, дәрумендерімді ішіп жүре беріппін. 10 жылдан бері ауырып жүр. Кейде өзінен-өзі қойып кететін. Мән бермейтінмін. Қыста вирустан қатты ауырғанмын, сол кезде бар ауруың құтырады екен. Қазір денсаулығыммен осындай жағдай болып жатыр. Сол жақтағы бүйрек те онша емес. Қан қысымы кішкене көтерілген, деді әнші.

Шаһизада бала-шағаның қамы деп жүріп өзіне күтім жасауды ұмытып кететін әйелдерге ақыл айтты.

Денсаулық – зор байлық. Ауырғанда ештеңенің қажеті жоқ дейміз ғой, бірақ бала-шағаң өзіңе қарап отырса, жай отыра алмайды екенсің. Емделіп жүріп бір ойым балаларымда. Ертеңге қалдырмай, денсаулығыңызды күтіңіздер. Бай-қуатты болыңыздар! деп жазды ол.

Сонымен қатар өнер иесі дұрыс тамақтанудың да пайдасын атап өтті.

Күнделікті алма, сәбіз, қызылшадан жасалған сусынды ішемін. Бұл енді бауырға да, бәріне де ем. Кешке тамақ ішпеймін, өйткені салмақ қосқанның кесірінен менің белім қазір ауырып жүр, деді әнші. 

Фото: instagram.com/shahizada.art

Байланысты жаналықтар

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

16.04.2025

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

16.04.2025

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

15.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

15.04.2025
MalimBlocks
Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

«Алатау серілері» тобы мұғалімдерге күштеп билет сатып жатыр - Дәулет Мұқаев

Алматылық оқытушылардың бірі депутатқа хат жазып, жағдайды баяндаған

«Тойымды ішіп алып жүргізді»: желіде Нұржан Төлендиевтің менмендігі сөз болды

Көпшілікке оның өзін-өзі ұстауы ұнамаған.

«Сембек екеумізге арнап жазылған»: Мақпал Жүнісова хит әннің шығу тарихын айтып берді

Бұл туынды алғаш рет 1983 жылы орындалған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

Өнер иесі дүркіретіп той жасаймын деген еді.