Димаш Құдайберген жемқорлыққа қарсы күресте Антикорға көмектеседі

Димаш Құдайберген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне қолдау білдірді

Сабина Асқарқызы

  • 21.02.2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағали Қазақстанның халық әртісі, халықаралық әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш Құдайбергенмен кездесті, деп хабарлайды Malim.kz.
Кездесу барысында агенттік төрағасы жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралармен, сондай-ақ елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін агенттік жұмысының ашықтығын арттыруға, негізгі бағыттары мен заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған заманауи әдістермен таныстырды.
Асхат Жұмағали өнердің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, адалдық пен әділдікке тәрбиелеуде, адамдардың дүниетанымына әсер етуде және парасаттылық қағидаттарын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Антикор төрағасы қоғамдағы жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында алдын алу жұмыстарына назар аудару маңызды екенін атап өтті.
Өз кезегінде Димаш Құдайберген атқарылып жатқан жұмыстарға, болашағымыздың игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне қолдау білдірді.
Тараптар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, мәдени және білім беру бастамалары арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидаттарын ілгерілету шеңберіндегі бірлескен жобаларды талқылады.
Кездесу соңында Асхат Жұмағали Димаш Құдайбергенге еліміздің мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін ерекше алғысын білдіріп, шығармашылық қызметіне үлкен табыс пен сәттілік тіледі.
Фото: Антикор

Байланысты жаналықтар

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

10.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Екібастұз ТЖД басшысы сотталды

07.04.2025

"Пышақ сұғылған". Димаш Құдайберген қатысқан мерекелік шарада төтенше жағдай болды

06.04.2025

Домбыра құлағында ойнайтын Чили азаматшасы желідегілерді тәнті етті

30.03.2025
MalimBlocks
«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Екібастұз ТЖД басшысы сотталды

Екібастұз ТЖД басшысы сотталды

"Пышақ сұғылған". Димаш Құдайберген қатысқан мерекелік шарада төтенше жағдай болды

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясы "Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы" атты ауқымды кеш кезінде жағалаудан қанша шақыру түскенін айтты

Домбыра құлағында ойнайтын Чили азаматшасы желідегілерді тәнті етті

Ол Димаштың жанкүйері екенін айтты