«Дүние дегенге ешкім жеткен емес». Танымал әзілкеш әйелімен ажырасуының себебін айтты

Актер әйелінің өз қателігін түсініп, кешірім сұрамағанын айтады.

Сабина Асқарқызы

  • 15.08.2024

Отандық танымал жайдарманшы әрі актер Нұрсұлтан Жақсыген келіншегімен неліктен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Нұрсұлтан Жақсыген Instagram-дағы парақшасында жан сырын ақтарған. Оның сөзінше, екеуара кикілжің ол ата-анасын қасына көшіріп әкелген соң басталған. Өзара түсінбестіктер жас жұпты ажырасуға дейін жеткізген.

Ауылдан ата-анамды қалаға алып келіп, қанша ғұмыры қалды дейсің, жағдайын жасап, немерелерінің алдында мәз болып жүрсін деп едім. Өздері қалаға үйренісе алмай жүргенде, келінінен сөз есту қандай қиын десеңші. Екі ортада қалып қойсам да, әліптің артын бағып, түзелер десем де, әлеуметтік желіде енді мені жамандап әлек. Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды деп, жылы жауып қоя салатындай емес. Жәннатқа жету жолын ата-анасының разылығына, әйелінің жәннатын ерінің разылығына байлап қойған жоқ па. Дүние-ақша дегенге ешкім жеткен емес, отбасың ойран болып жатса, ешнәрсе де керек емес. «Ақылға көнейік, бізден басқа балапандарымызға кім ата-ана бола алады» деген нәрсені де тыңдаған жоқ. Өзі барып арыз беріп, өзі алимент төлетемін деп айтты. Балалар дегенде ет жүрегім езіліп кетердей әкелік махаббатымды быт-шыт қылды. Бізде бәрі болды: махаббат та, сезім де, үй де, ақша да... Тек «менің қателігімді кешірші» деген иілу болмады, - деп жазды актер.

Фото: instagram.com/zhaksygen_n

Байланысты жаналықтар

Нұржан Құлшынбаев «Шаншар» театрынан кеткен

02.04.2025

Прокуратура Жерар Депардьеге 1,5 жыл жаза сұрады

27.03.2025

Қазақстан шоколадын жарнамалаған ресейлік актер соққыға жығылды

27.03.2025

Тәуекел Мүсілім үшінші ұлына қандай есім қойғаны белгілі болды

26.03.2025

Айнұр Тұрсынбаева ажырасқан соң тойға да шақырмай қойғанын айтты

26.03.2025

Танымал қазақстандық режиссер ажырасқанын мәлімдеді

17.03.2025
MalimBlocks
Нұржан Құлшынбаев «Шаншар» театрынан кеткен

Ол бұл театрда 28 жыл қызмет еткен.

Прокуратура Жерар Депардьеге 1,5 жыл жаза сұрады

Қазақстан шоколадын жарнамалаған ресейлік актер соққыға жығылды

Куликов Ресейден жаппай мобилизация жарияланған соң кетіп, Алматыға көшкен

Тәуекел Мүсілім үшінші ұлына қандай есім қойғаны белгілі болды

Тәуекел мен Махаббат үшінші рет ата-ана атанды

Айнұр Тұрсынбаева ажырасқан соң тойға да шақырмай қойғанын айтты

Өнер иесі осыдан тоғыз жыл бұрынғы күйін еске алды.

Танымал қазақстандық режиссер ажырасқанын мәлімдеді

Ол 2023 жылы шаңырақ көтерген.