«Өте қорқынышты». Талғат Жорабаевтың әйелі хиджабын шешкен қыздардың әрекетін сынады

Ол орамал тағуды ойыншық көретіндерге ашулы.

Сабина Асқарқызы

  • 11.06.2024

Әнші Талғат Жорабаевтың әйелі Аяулым Жорабаева хиджабқа қатысты пікірін білдірді. Ол орамалын шешкен қыз-келіншектердің әрекеті туралы ойын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің әйелі 9 жылдан бері басынан орамал тастамағанын айтады.

2015 жылы жолдасым жұма намаздан келгеннен кейін, “Жан, орамалыңды таға берші. Бүгін бір ауыр уағыз тыңдадым” деді. Сол сөздері есімде қатты сақталды. Мен орамалға әрқашан дайын болдым. 5-ақ минутта тағып кеттім. Алланың қалауымен, орамал таққаныма 9 жыл болыпты. Толық дайын болып келгенде күйеуім де қолдады. Бірақ үнемі “Болашақта орамал тағамын” деп айта беретін едім. Орану – ойыншық емес. Әрі оны өзге жанға тықпалау дұрыс емес. Мен қанша жыл орамал тағып жүрсем де, дін туралы ештеңе айтқан емеспін.Өйткені пәлен жыл діни білім алған ұстаз емеспін. Орамалды әр әйел өз қалауымен тағуы керек. Ешкімді сынауға құқығымыз жоқ. Хиджабтың аудармасы: “жабыну, орану” деген мағына береді. Оны тек арабтар ғана емес, әлем мұсылман әйелдеріне міндеттелген дүние. Арабтану деген – қате”, – деп түсіндірді блогер. 

Блогер хиджабын шешіп тастаған әйелдерді көргенде жүрегі ауыратынын жасырмады.

Бұл тақырып қайдан шықты?! Оранып, сосын оны шешкен соң қайта әурет жерлерін түк болмағандай көрсете салу. Соларды көріп жүрегің ауырады екен. Олай ешкімді сынамасын, өте қорқынышты. Орамалды көтеріп жүру оңай емес, өйткені жауапкершілігі көп. Орамалдылар да пенде, оларда да эмоция бар, олар да қателеседі. Періште көкте ғана, жерде періште жоқ. Әйел адам намаз оқып жүріп, Қасиетті құрандағы орануға қатысты аятты біліп отырып, оранбаса жәннаттың иісі мұрнына да бармайды" деген сөз жүрегіме инедей қадалды. Намаз оқып бастаған соң, 4 жылдан кейін ғана орамал тақтым, – дейді ол.

Фото: instagram.com/ayauka_zhorabayeva

Байланысты жаналықтар

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025
MalimBlocks
14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады