Қайрат Нұртас әкесін туған күнімен ерекше құттықтады

Нұртас Айдарбеков қазір шетелде демалып жүр.

Сабина Асқарқызы

  • 09.10.2024

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас ата-анасына құрметпен қарайтынын жиі көрсетіп отырады. Бұл туралы Seni Suiem хитінің әні әкесі Нұртас Айдарбековті туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі 8 қазан күні өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық мұрағаттан видео жариялады. Кадрдан әке мен баланың бір-бірімен мейірлене сөйлесіп тұрғанын байқауға болады. Құттықтауға Нұрболат Абдуллиннің «Рахмет, әке» әнін қосқан.

Қорғаштап өмір дейтін сында бізді,

Жүрдіңіз еңкейтпестен тұлғаңызды.

Әкетай, дейміз сізге жүз жасаңыз,

Ақ тілек тағыңыз да жырдан ізгі!

Өмірде талай асу алынғаны,

Бақыттың оты бізге жағылғаны –

Бір сіздің еңбегіңіз екен, Әке,

Бүгінде ойлап тұрсақ соның бәрі.

Біз үшін өткен талай жылдарыңыз,

Жатыр ғой сол өмірде тұлғалы із.

Әкелік мектебіңізден тәлім алған

Бұл күнде өзі де әке ұлдарыңыз.

Туған күніңізбен құттықтаймын, - деп жазба жариялады Қайрат.

Әншінің оқырмандары да өнерлі отбасының отағасын ерекше күнмен құттықтаған.

Ал Нұртас Айдарбеков әйелі және достарымен бірге шетелге демалысқа кеткен.

Фото: instagram.com/kair_n

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

05.05.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Айнұр Тұрсынбаеваға күйеуі Ыстанбұлдан ерекше сыйлық жолдады

Ақын туған күнін Қазақстанда атап өтті

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.