Қазір барлығын әйелдер шешеді – Бағлан Әбдірайымов

Әншінің айтуынша, ер азаматтар әйелдерінің шешіміне бағынады

Сабина Асқарқызы

  • 06.12.2024

Қазақстандық танымал әнші Бағлан Әбдірайымов қоғамдағы барлық дүниені әйелдер ұйымдастырып, әйелдер шешім қабылдап жүргенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің айтуынша, ер азаматтар әйелдерінің шешіміне бағынады.

"Қазір барлығын әйелдер шешеді. Кинотеатрға барып, қандай кино көру керек екенін әйел шешеді екен ғой. Мысалы, менің досым бала-шағасын алып, біз түсірген киноға барған ғой. Тура киноға кірейін деп тұрған кезде әйелі "Біз өзі анда-санда демалысқа шығамыз, қарыз бен құмар ойын туралы фильм көргенше күліп демалып қайтайық" деп айтыпты. Досым сол келіншегінің сөзіне еріп, басқа киноны көріп шыққан ғой. Кейін менен кешірім сұрап, киноны көре алмағанын айтты", - дейді танымал әнші.

Өнер иесі концерттерді ұйымдастыру да әйелдердің қолында тұрғанын атап өтті.

"Шындығында қазір бәрін әйелдер шешеді. Саудада кілең қыз-келіншектер, медиа саласындағы үлкен жобаларды да әйелдер басқарып отыр. Жаңа жылдық түсірілім болсын, мемлекеттік концерттерді де әйелдер ұйымдастырып жүр. Өкінішке орай сондай жобаларды тізгіндеп жүрген жігіттер санаулы ғана", - деді өнер иесі Instagram-дағы парақшасында. 

Байланысты жаналықтар

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025
MalimBlocks
14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті