«Құдай аясын». Дина Төреәлі табыс туралы сөз қозғады

Блогердің сөзінше, әркім ниетіне қарай өмір сүреді.

Сабина Асқарқызы

  • 11.11.2024

Қазақстандық блогер Дина Төреәлі табысын сынаған оқырманына жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол көп ақша табудан қорқатындарға ақыл айтты.

«Байдың қызына сөйлемеңдер, аузы қисық болса да, осы сөйлесін» деп жазыпты-мыс. Менің қазіргі өмір сүруіме ешкім дайын нәрсені аузыма әкеліп, салып отырған жоқ. Жасым 21-де болса да, декретте отырсам да, әр күнімді тек қалай жақсартсам болады екен деп ойлаймын. Күйеудің айлығына қарап немесе әке-шеше, ата-анаға ауыз ашып отырған жастар емеспіз. Кішкене диваннан тұрсаң, ақша табудың жолы көп. «Нан таппай отырғандар қаншама, ұят емес пе» деп айтатындар сол баяғы мыжылған менталитетпен өмір сүреді. Жұрт не дейді деп жалтақтау әлі қалмапты. Мен Құдайдың рөліне кіріп кететін адамдардың қатарынан емеспін. Біреудің тағдырын, өмірін, жағдайын ойлап немесе аяп, талқылайтын мен ешкім емеспін. Құдай аясын. Әркім өз әрекеті, ниетіне қарай, жасаған дұғасына қарай өмір сүретінін қабылдап тастаған адаммын, – деп ашуланды блогер. 

Блогер әркім өмірін жақсы жаққа қарай өзгертуге қауқарлы екенін де еске салды.

Өміріңде бірдеңе дұрыс емес пе, өзің кінәлісің. Әрекет етсең, бәрін өзгерте аласың. Мынадай ханымдар туралы бастасам, қазір байқамай ашуланып кетемін. Өз байлары аздық ете ме екен өздеріне?! Біздікілерді аңдып бола алмай отыр. Басқа уайымдары жоқ. Көрінбей кетсе, барып ұстап алайын деп пе едіңдер? Ойларыңның, ниеттеріңнің астарын түсіне алмай-ақ қойдым, — деп жазды ол. 

Фото: tattti_kyz /Instagram

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

05.05.2025

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

01.05.2025

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

29.04.2025

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

28.04.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

"Қазақтың Робин Гуды" атанған блогерге тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан

Динара Сәтжанның құны 150 млн теңгелік неке жүзігі қызу талқыға түсті

Ал образы 236 млн теңгеге жуықтаған.