Шәріп Серік өзін Бишімбаевтың қасына «отырғызғандарды» сотқа берді

Адвокат Жанна Уразбахова ЖИ арқылы жасалған видеоның ешқандай қылмыс емесін айтқан

Сабина Асқарқызы

  • 29.04.2025

Актер Шәріп Серік жасанды интеллект көмегімен өзін Қуандық Бишімбаевтың қасына отырғызып, видео жасаған азаматтардың үстінен арыз түсірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы видеоны жасаған креаторлардың бірі — Арман хабарлады. Оның айтуынша, аталмыш видео 4,5 миллионнан астам қаралым жинаған. Арманның сөзінше, аудандық полиция басқармасынан оған қоңырау шалып, актер Шәріп Серіктің ресми түрде арыз бергенін хабарлаған.

Әзірге меннен ресми түсініктеме алынған жоқ. Тек түсініктеме беру үшін шақырту болды. Алайда, әзірге жауап алу сияқты процессуалдық әрекеттер жүргізілген жоқ. Қазір бұл материалдар тиісті органдарда қаралып жатыр, – деді Арман.

Оның айтуынша, істі жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім әзірге қабылданбаған.

Шәріп Серік те, оның өкілдері де менімен тікелей байланысқа шыққан жоқ, – деп толықтырды ол.

Сонымен қатар Арман өзіне адвокат Жанна Уразбаховадан құқықтық кеңес алғанын айтты. Заңгердің түсіндіруінше, жасалған видеода қылмыс құрамы жоқ.

Менің видеомда жалған ақпарат, есімдер немесе жеке айыптаулар жоқ. Бұл тек зорлық-зомбылыққа қарсы жеке көзқарасымды шығармашылық тәсілмен жеткізу мақсатында жасалған. Осыны нақтылау үшін мен полицияға қайта хабарластым. Маған істі жалғастыру немесе тоқтату туралы түпкілікті шешімді тиісті органдар қабылдайтынын түсіндірді. Бұл туралы қосымша ақпарат берілетін болады, – деп түйіндеді Арман.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Жасанды интеллекті қолданып жасаған туындының авторы кім болады?

14.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Жасанды интеллекті қолданып жасаған туындының авторы кім болады?

Бұл мәселеге қазір бүкіл әлем бас қатырып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды