«Сынақтан сүрінбей өттік». Мейрамбек Беспаевтың жары ағынан жарылды

Әншінің отбасын құрғанына 20 жыл толған.

Сабина Асқарқызы

  • 09.07.2024

Әнші Мейрамбек Бесбаев пен жары Махаббат Бесбаева отбасына құрғанына 20 жыл толғанын атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің жұбайы жиырма жылдың ішінде қызығы мен қиындығы қатар жүрген сәттерді бастан өткергенін атап өтті.

Бүгін бізге 20 жыл. 8.07.2004-8.07.2024. Бүгін біздің үйлену тойымыз болған күн. Мен сол бір тамаша күнді жиі еске аламын. Жадымдағы жылы естеліктер жүрегімнің түбінде сақтаулы. Қызығы мен қиындығы қатар қаншама сәттер болды. Қанша сынақтан сүрінбей өттік. Осының бәрі тағдырдың бізге берген сыйы. Аллаға шүкір! Мен жар таңдаудан қателеспеген бақытты жанмын. Жаным менің, саған күш-қуат пен сарқылмас төзім тілеймін. Біздің отбасымыз үшін, балаларымыздың болашағы үшін, істеп жатқан еңбегің үшін, бізді алақаныңда ұстап аялағаның үшін мың алғыс. Біздің бақыт пен қуанышқа толы күндеріміз әлі алда, - деп жазды Махаббат Бесбаева.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасыға жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

«Махаббаттарыңыз мәңгі болсын», «Керемет. Бакытты болыңыздар. Тек жақсылық болсын өмірлеріңізде», «Менің құрбым осы күні қатты жылаған еді», «Қыздар жылаған күн ғой», "Мейрамбек Беспаев үйленді деп, көпшілік қыздардың көңілі түскен күн еді ғой. Құтты болсын! Екі дүниеде бірге, бақытты болыңыздар", - деп жазды оқырмандар.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген