«Төрімізді көр қылуға дейін барады»: Дана Нұржігіт Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді

Қазір актриса үйге байланысты соттасып жатыр.

Сабина Асқарқызы

  • 30.01.2025

Тележүргізуші Дана Нұржігіт алаяқтарға алданып қалған актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдіріп, күресті тоқтатпауға кеңес берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жұлдыз, айналайын! Сұхбатыңды тыңдадым. Адам ашынғанда ғана соңына дейін барады! Құдай саған жұмсақ жүрек, дархан көңіл, сұлулық берген. Енді өзің үшін, балаларың үшін жүрегіңді тас қыл, көңіліңді мұз қыл, сұлулығыңа бет қаратпайтын қатулық қос! Әділет іздеген адам осының бәрін сауыттайын киіп жүруге мәжбүр болады. Бұл – «соғыс!». Алаяқтар тайраңдап, өз төрімізді өзімізге көр қылуға дейін барады. Сыртымыздан күліп отырады. Мен де көрдім ондайды! Біреудің адал нанына таласып, біреудің баласының ауызынан дардай басымен тартып алуға арланбайтын көргенсізді. Күрес. Белді бекем бу, - деп жазған Дана Нұржігіт.

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова осыдан төрт жыл бұрын жер үй аламын деп алданып қалған. 

Фото: instagram.com/dana_nurzhigit

Байланысты жаналықтар

«Қайрат, мына сөзге жауап бер». Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы қызу талқыға түсті

17.03.2025

«Балаларым ауыра берді»: Әбдікәрімова басынан өткен қиындық отбасына қалай әсер еткенін еске алды

13.03.2025

Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуіне баспанасынан айырылып қалғанын қалай жеткізгенін еске алды

30.01.2025

Жұлдыз Әбдікәрімова қаржылық қиындықтарға тап болғанын айтты

29.01.2025

«Басына тигені жақсы». Гүлзира Айдарбекова келінінің үйсіз қалғаны туралы пікір білдірді

18.12.2024

«Жала жапты»: Астана тұрғыны Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді

12.12.2024
MalimBlocks
«Қайрат, мына сөзге жауап бер». Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы қызу талқыға түсті

Жұлдыз Әбдікәрімова ұлттық нақышта киінген видеосын жариялады.

«Балаларым ауыра берді»: Әбдікәрімова басынан өткен қиындық отбасына қалай әсер еткенін еске алды

Ол балаларын қатты уайымдаған.

Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуіне баспанасынан айырылып қалғанын қалай жеткізгенін еске алды

Әнші істе шикілік барын сезе бастаған.

Жұлдыз Әбдікәрімова қаржылық қиындықтарға тап болғанын айтты

Ол қазір пәтер жалдап жүр екен.

«Басына тигені жақсы». Гүлзира Айдарбекова келінінің үйсіз қалғаны туралы пікір білдірді

Ол өзін және ұлы Қайрат Нұртасты үнсіз отыр деп айыптағандарға жауап берді

«Жала жапты»: Астана тұрғыны Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді

Ол 15 қазанда полицияға арызданғанын айтты.