«Тыныс алудың өзі азап». Жұлдыз Әбдукәрімова жағдайы туралы айтты

Ол басына түскен қиындықтар мұнымен бітпегенін айтып, жұмыстан кету себебіне қатысты ағынан жарылды.

Сабина Асқарқызы

  • 02.02.2025

Белгілі актриса Жұлдыз Әбдукәрімова былтыр жаз бойы басы қатты ауырғаннан ем таппай, ауруханадан көз ашпаған күндерін еске алды, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылы жаз бойы ауруханадан көз ашпадым. Басым қысып ауыратыны сонша, тыныс алудың өзі азап болатын. Дәрігерлер себебін таппай менімен бірге әбден қиналды. Басымды талай тексерістен өткіздік. Тауға да, тасқа да ұрдым деген осы шығар, - деп жазды актриса Instagram парақшасында.

Ол басына түскен қиындықтар мұнымен бітпегенін айтып, жұмыстан кету себебіне қатысты ағынан жарылды.

Былтыр сот мәселесі әбден қажытып, жұмыстан қол үздім. Ең алдымен «Хабар» арнасындағы «Оян» бағдарламасынан кеттім. Соңғы күндері көңілімді бағып, алаңдап екі ұл жұмысыма бірге келетін болды. Эфирде көрерменді алдай алмайсың. Сол себепті өз еркіммен жұмыстан кету үшін арыз бердім, - деп жазды Жұлдыз.

Фото: Instagram / zhuldyzabdukarimovaofficial

Байланысты жаналықтар

Танымал актриса қызының шетелдікке тұрмысқа шыққанын айтты

16.04.2025

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

16.04.2025

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

11.04.2025

«Менен әлдеқайда жас»: Айгүл Иманбаева күйеуі туралы сауалға жауап берді

10.04.2025
MalimBlocks
Танымал актриса қызының шетелдікке тұрмысқа шыққанын айтты

Актриса қызының таңдауына қарсы болғанын атап өтті

«Шақыратын жігіт те жоқ»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін өзі шешуге мәжбүр екенін айтты

Ол жолда қалып қойған.

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

Продюсер отбасымен бірге демалысқа аттанған.

«Менен әлдеқайда жас»: Айгүл Иманбаева күйеуі туралы сауалға жауап берді

Ол мұны жасырмайтынын айтты.