51 мың талапкер ҰБТ-дан құлады
ҰБТ қорытындысы бойынша Ұлттық тестілеу орталығы қорытынды жариялады
ҰБТ тапсырған оқушылардың 33 пайызы ең төменгі өту балын жинай алмаған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі орталық коммуникациялар қызметінде хабарлады.
«Өту балына 51 мың тест тапсырушы жете алмады. ҰЮТ-ның орташа балы 66 балды құрады. Биылғы ең жоғарғы балл – 139. 3 179 талапкер 120-дан жоғары балл жинады», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры (Ғылым және жоғары білім министрлігі) Руслан Емелбаев.
Биылғы көрсеткіш былтырғыға қарағанда жоғары болды дейді ҰТО директоры. Орталық ұсынған статистика бойынша 154 талапкер ҰБТ-ға қатысқан. Ал, қайталап тапсыркшыларды есепке алғанда, 276 мың тест тапсырылған.
«Тестілеу қорытындысына сәйкес 103 мың талапкер өту балына жеткен. Бұл барлық қатысушылардың 67 пайызын құрайды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7 пайызға ұлғайып отыр», - дейді Емелбаев.
Бір қызығы, биыл 50 мыңнан астам талапкер қорытындыны қайта қарау туралы өтініш берген. Бірақ, бұл аппелияциялық шағымдардың бар болғаны 318-і ғана қабылданыпты.
ҰБТ жүріп жатқан кезде «қалтасына құлаққап салып (ұмытып) кірген оқушылардың тестілеуге жіберілмегені, мұндай ұсақ-түйек кінәраттарға кешіріммен қарау туралы кейбір ата-аналар мен белсенділер әлеуметтік желі арқылы министрлікке өтініш, сын айтқан. Ал, ҰТС мамыр айындағы тестілеу кезінде 21 оқушы ереже бұзғаны ұшін тестілеуден шығарылып, биыл оқуға тапсыру мүмкіндігінен айрылған.
Биыл тиісті ведомство ЖОО-ға арналған 73 мыңға жуық мемлекеттік грант бөлінетінін айтқан.