Әкім Әбдіқалықова алданып жүр

Абай Нұржанұлы

  • 27.10.2020

Қызылорда қаласындағы Сығанақ базары маңындағы көмір қоймасының алдындағы кезек ұзарып барады.  Күн әлі қатты суи қоймаса да, қойма алдында құдды қан базар. Тұрғындардың айтуынша 3-4 күннен бері кезегін күтіп жатқандар бар екен.  Мәселен, кеше түнде 14 вагон көмір келсе де кезектің жылжитын түрі жоқ деді қатты отынға келген жұрт өңірдені МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

«Көмір алу үшін келгендердің алды үш күндеп қонады осында. 3 күн жатқанның өзінде жетпейді. Біз көрші ауылдан келдік. 1 күн қондық. Бүгін енді білмеймін бізге жете ме, жетпей ме?»,- дейді Тартой ауылынан келген Жақсыбай НЫСАНҰЛЫ.

Облыс орталығында көмірдің бір тоннасы 13 400 теңге. Аудандар мен ауылдарға жеткенде жиырма мыңнан асып кетеді екен. Сондықтан халық ақшасын үнемдеу үшін өздері қалаға ағылып жатыр.

«Көмір өзіміздің Жалағашта да бар. Бірақ қымбат. Тоннасын 19-20-дан сатып аласыз. Не дейсің оларға. Бәрі алып-сатарлар. Біздің аудан облыс орталығынан жүз шақырым жерде ғой. Ал Қазалы мен Аралға жеткенде тіптен қымбататйды ғой. Қазір қайта күн жылы болып тұр. Суытса баға көтеріліп кетеді ғой», - дейді жалағаштық Қыдыр ӘБДІҚАЛЫҚОВ.

Қыркүйек айының  11 күні облыс әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВАНЫҢ  төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық жөніндегі облыстық штаб отырысы өткен еді.

- Алдыңғы жылдары көмір тапшылығы мен бағаның күрт өсуіне байланысты тұрғындар тарапынан дүрбелең туғанын білесіздер. Сондықтан бағаның өсуін, екі ортадағы делдалдықты болдырмау мақсатында, көмір өндіруші мекемелермен тікелей келісім-шартқа отыру үшін кәсіпкерлермен жұмыстарды үйлестіріңіз,-деген еді өңір басшысы.

Осы жиынан кейін арада екі апта өтісімен өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан ЖАҢАБАЕВ биылғы жылу маусымына облыс тұрғындарына биылғы жылу маусымына 163,6 мың тонна көмір отыны қажет. Қазіргі оның 80,4 мың тоннасы өңірге келді деп мәлімдеген. Қоймалардағы кезекке қарасақ облыс әкімінің тапсырмасы орындалғаныға ұқсамайды. Сонда Гүлшара Әбдіқалықованы кім алдап жүр?

«Түнде 14 вагон келген. 3 сағаттың ішінде 5 вагон өтіп кетті ғой. Жетеуін түсіріп жатырмыз», - деді көмір қоймасының меңгерушісі Азамат ХАМИТОВ МӘЛІМ КЗ тілшісіне көмір алушылардың көптігін айтып. Демек Жамабаев айтқан 80,4 мың тонна көмір толықтай келіп жетпеген бе?

Облысқа көмірдің 5 түрі Қарағанды, Семей және Павлодардан келеді. Көпішіліктің сұранысындағы Қарағандыдан әкелінетін Шұбаркөл көмірі тек қаладағы жалғыз қоймада сатылып жатыр дейді шенділер. Ал алып-сатарларды азайту үшін қойма басшыларына бір жүк көлігіне 8-10 тоннадан артық көмір тиемеуді тапсырғандарын айтады. Бірақ бағаны ұстап тұру әкімдіктің қолынан келмейді екен.

«Көмір бұл реттелмейтін нарық субъектісі бәселестік ортада сатылады. Соған байланысты біз көмір бағасына шектеу қоя алмаймыз. Кәсіпкерлердің ішкі қаржысына біз араласа алмаймыз. Ол біздің басқарманың құзыретіне жатпайды», -деді бізге Қызылорда облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев.

Бұл яғни көмір бағасы өспеу үшін кәсіпкерлер жұмысын үйлестірңіздер деген әкім Әбдіқалықованың тапсырмасын орындай алмаймын деген сөз ғой.  Демек облыс әкімі алданып жүргені ғой.

 

Байланысты жаналықтар

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

09.05.2022

Даниал Ахметов дұрыс түсіндірмеген бе? Шығыс көмірге таласып жатыр

23.09.2021

«Түрмеде күйеулеріміз тамырларын кесіп жатыр»

26.01.2021

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

20.01.2021

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді

15.01.2021

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

13.01.2021
MalimBlocks
Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

Даниал Ахметов дұрыс түсіндірмеген бе? Шығыс көмірге таласып жатыр

Өскеменде көмірге ұзын-сонар кезек пайда болды

«Түрмеде күйеулеріміз тамырларын кесіп жатыр»

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг