Алматы. Наурызда барлық адам құрметтеледі

  • 21.03.2023

 

Қоғамда ерекше қажеттілігі бар адамдарға деген көзқарас қашан да ізгілікке толы болуға тиіс. Өйткені, кез келген адам мүмкіндігіне қарамастан қоғамның толыққанды мүшесі болуға тиіс.

Мереке қарсаңында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қала ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар мен нейропсихиатриялық аурулары бар балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырды. Басқарманың "Шаңырақ" және "Алатау" әлеуметтік қызметтер орталығында өткен Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарламада белгілі өнер жұлдыздары мен өнер орталықтары қатысты.

Шара алты бағыт бойынша өтті. Онда осы орталықтардың қызметін пайдаланып келе жатқан құрметті қонақтардың осы уаққа дейін атқарған істері, жасаған қолөнерлері және шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылып, оны қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мен Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тоғызбаева Назира Асылбекқызы бастаған әкімдік өкілдері мен өнер адамдары және өзге де жиналған қонақтар тамашалады.

Шараның емен-жарқын еркін форматта өткенін айта кету керек. Танысу, дастарқан (ұлттық тағамдар), сахна (дәстүрлер мен ұлттық ойындар) бағыты бойынша жиналғандар өнерлерін көрсетті және өзге өнерпаздардың жетістігімен танысуға мүмкіндік алды.  Бұл концерттік бағдарламаны ұйымдастырған «Алатау» орталығы. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева:

"Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы және жаңа жылдың басталуы. Бүгін біз сіздер үшін барынша мерекелік атмосфераны ұйымдастырып. осы күннің көңіл-күйін жасауға тырыстық. Барлық қонақтарға әркез бақыт пен денсаулық тілеймін", - деп, шараның негізгі кейіпкерлеріне құттықтау сөз айтты.

Бұл шараға ардагерлер де белсенді ат салысқанын ерекше айта кету керек. Жиналғандар олардың қолдан дасаған бұйымдары мен салған суреттерін тамашалады. Бұл қолөнер өнімдерін орталықтан қызмет алушылармен бірлесе отырып жасағанын айтады олар. Бұл шараға ардагерлердің ерекше ілтипатпен қатысқаны өз алдына, олардан бөлек шараның ұйымдастыру жұмыстарына кәсіпкерлер, еріктілер және қоғам қайраткерлері де ат салысты.

Еріктілік, бір біріне деген құрмет қай уақытта да қоғамдағы түсініспеушіліктің алдын алады. Және қоғам мүшелерінің ынтымақтастығын артыратын шаруа екені айтпаса да түсінікті. Демек, бұл аталған іс-шара Алматы қаласындағы барлық азаматтарды өзара құрмет пен теңдік принциптерін жоғары қоюға үндейді.

 

Байланысты жаналықтар

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

29.11.2023

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

29.11.2023
MalimBlocks
Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

7 жыл бойы донор іздегендер бар

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуына жағдай жасалып, диалог күшейтілді.