Алматыда қауіпті жүргізушілерді анықтайтын жүйе жемісін берді

Алматы қаласы бойынша 4 мыңнан астам қауіпті жүргізушілер анықталып отыр. Оны «Қорғау – Қауіпті Жүргізуші» жүйесі бойынша анықтаған.
Алматы полициялары қоғамдағы тәртіп бұзушылық пен жол ережелерін бұзатын жүргізушілермен кешенді жұмыс жүргізіп келеді. Полиция қызметкерлерінің мақсатты түрде атқаратын жұмыстарының бірі – ол көлікті мас күйінде жүргізушілер мен мемлекеттік жалған нөмірлерді пайдаланатындар, көліктеріне арнайы белгі беріп отыратын құрылғыларды орнататындар, жылдамдықты шамадан тыс асыратындарды анықтап, оларды жауапкершілікке тартып, заң аясында шара қолдану.
Алматы қаласының әкімшілік полициясы атқарған шаруалар мен «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» жүйесін енгізілгеннен кейінгі аралық талдау нәтижесінде қала жолдарында 4 123 құқық бұзушылық пен 17 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін қасақана бұзғандарды анықталған.
Бұл жаңашылдық өткен жылдың сәуір айынан бастап қолданысқан енгізілген. «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» – патрульдік полицейлердің қызметтік планшеттерінде «Сергек» бағдарламасымен біріктірілген арнайы автоматтандырылған жүйе. Ол іздеуде жүрген көлікті анықтап, анықталған деректі полиция операторына жібереді, іздеуде жүрген көлік табылған сәтте оператор патрульдік қызметкерлерге белгі беру арқылы жұмыс жасайды. «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» – қаладағы тәртіп бұзушылар мен жалған нөмірлі іздеуде жүрген көліктерді анықтайды және ең бастысы – қауіпті жүргізушіні анықтап береді.
Полиция қызметкерлері бұл кешенді жүйені пайдалану арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігі мен түрлі жол-көлік апаттарының алдын алуға мүмкіндік алады. Айта кетерлігі, бұл бірегей бағдарламаның мобильді қосымшасы да іске қосылған.
Алматы сияқты алып мегаполисте жол-көлік қозғалысының маңызы күн санап артып келеді. Себебі, қазір Алматының тұрғындарынан бөлек, оңтүстік астанаға жұмыс істеп сырттан келетіндер де аз емес. Сондықтан, көлік қозғалысына қатысты жаңашыл бағыттағы бағдарламалар мен шаралар жиі-жиі жаңартып тұруды талап етеді. Осы мақсатта тағы бір кешен орнатылған болатын. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа «Сергек-Патруль» атты кешен патрульдік көліктерге орнатылған. Ол жолдағы көлікті анықтай отырып, мемлекеттік нөмірді анықтай алады және ол туралы бүкіл деректерді серверге аударып, көліктің қандай да бір айыппұлдарың төленбегенін, құқық бұзушылыққа қатысы бар жоғын, сақтандыру полисі, техникалық жағдайын, ұрланған көлікті де анықтай алатын функциялары бар.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.