Алматыда жолды жөндеуге 20 млрд теңге жұмсалады

Алматыда орташа жөндеу қажет ететін 230 көшеге 20 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл жөнінде Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі айтты.

Malim Админ

  • 16.08.2023

Әкімдік 15 магистралдық көшеге жөндеу жұмыстарын тамыздың аяғына дейін аяқтайтындарын айтты.

Аудандық көшелерде қазан айына дейін жүргізіледі. Жалпы ұзындығы 156 км асатын аудандық маңызы бар 215 көше жөнделеді. Негізгі басымдылық Теректі, Қарасу, Алғабас, Әлмерек сияқты шағын аудандарға берілген,-  делінген Алматы қаласы әкімдігінің берген ақпаратында.

Әкімдіктің мәліметінше, жол жиегіндегі бордюрлерді ауыстыруға қаржы жұмсалмайды.

Орташа жөндеу жұмыстары аясында алынып, қажетті деңгейге қойылып, сол орнына қайта орнатылады. Ол жол салу кезінде бордюр мен асфальт арасында су, ылғал, қар кіріп, асфальт жабынын көтеріп жіберетін саңылау қалмауы үшін жасалады. Бордюрлерге бөлек қаражат қарастырылмаған, тек орташа жөндеу жұмыстары аясында қажет бөліктері ғана ауыстырылады. Барлық 230 көшенің бойындағы бордюрлердің тек қайта пайдалануға жарамсыздары ғана ауыстырылады, оның үлесі 3%-дан аспайды,- дейді Алматы қаласы әкімдігі.

Байланысты жаналықтар

Өскемендегі жылу магистраліндегі апат жөнделіп жатыр

17.11.2024

БҚО-да кәсіпкерлерге кедергі келтірген қай шенеунік?

31.01.2024

Алматылық аула тазалаушылар

10.04.2021

«Nur Otan» партиясының Теректі аудандық сайлауалды штабы жұмысын бастады

14.12.2020
MalimBlocks
Өскемендегі жылу магистраліндегі апат жөнделіп жатыр

Жөндеу жұмыстары біт сәтке тоқтамаған

БҚО-да кәсіпкерлерге кедергі келтірген қай шенеунік?

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің шенеунігін облыстық Антикор “кәсіпкерлерге кедергі келтірді” деп тәртіптік жауапкершілікке тартқан. Алайда ол шенеуніктің аты-жөні аталмай отыр.

Алматылық аула тазалаушылар

«Nur Otan» партиясының Теректі аудандық сайлауалды штабы жұмысын бастады