Әскери қайраткер Ким Серікбаев өмірден өтті

Malim Админ

  • 19.04.2021

Қазақстан Қарулы Күштерінің ардақты ардагері, еліміздің еңбек сіңірген қоғам қайраткері, әскери ғылымдар докторы Ким Серікбаев 87 жасында дүниеден өтті.

Ким Серікбайұлы 1934 жылы 14 қаңтарда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көптоғай ауылында туған.

1952-1956 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде, Уфа әскери училищесінде білім алды. 1970 жылы Мәскеудегі әскери академияны бітірді.

1956-1966 жылдары Қиыр Шығыс, Прикарпатье, Мәскеу, Орта Азия әскери округтерінде взвод, рота, батальон командирі, мотоатқыштар полкында штаб бастығы, полк командирі болып қызмет атқарған.

1970-1973 жылдары Мәскеудегі әскери академияда Кубадан, Моңғолиядан келген офицерлерге жалпы тактикадан сабақ берген.

1973-1975 жылдары Алматы жоғары әскери командалық училищесінде кафедра бастығы болды. 1975-1988 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде кафедра басшысы болып қызмет атқарды.

1988-1991 жылдары Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернаттың бастығы қызметін атқарды.

1992-1993 жылдары мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының кеңесшісі болды.

1994-1996 жылдары минстрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік аттестация комитетінде арнаулы мәселелер жөніндегі бас сарапшы болды.

1996-1999 жылдары ҚР парламентінің мәжіліс аппаратында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесші қызметін атқарған.

Ким Серікбайұлы 180 ғылыми еңбектің авторы.

Байланысты жаналықтар

28 панфиловшылар саябағының атын ауыстыру керек пе?

08.05.2020
MalimBlocks
28 панфиловшылар саябағының атын ауыстыру керек пе?