Ата заңдағы өзгерістер қоғам қолдауына ие болды

  • 29.08.2023

Түркістанда «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді қолдау жөніндегі  «MIRAS» кеңесінің отырысы өтті.  Конституция күніне орайластырылған жиын «Ата Заң – Азат елдің ар-намысы» деген тақырыппен ұйымдастырылды. Кеңес отырысын партияның Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді қолдау жөніндегі «MIRAS» кеңесінің төрағасы Жантөреева Қалыйма ашып, жүргізді.

Кеңес отырысы еліміздің айтулы мерекесі – Конституция күніне орай арнайы ұйымдастырылды.

 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата заңға өзгеріс енгізу жөнінде референдум өткізу бастамасы қоғамда қызу талқыланды. Қолдау тапты. Референдум облыста жоғары деңгейде өткізілді. Парламент пен мәслихат депутаттарын сайлау да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Біздің облыста партия филиалдары жанынан облыстық, аудандық, қалалық деңгейде 475 адамды біріктірген, 18 штаб құрылды. Олар 110 мыңға жуық сайлаушыны қамтитын, 1500-ге жуық кездесу өткізді. Нәтижесінде сайлаушылардың   81 пайызы дауыс беруге қатысып, республика көлемінде сайлауға қатысушылар санынан облыс бірінші орынға шықты. Ал республика көлемінде сайлаушылардың 68,5 пайызы қатысып, жаңа редакциядағы Конституцияны қолдап, сайлауға қатысқан сайлаушылардың 77,2 пайызы дауыс берді. Нәтижесінде Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізілді. 20-дан астам заң қабылданды, – деді Қ.Жантөреқызы.

Басқосуға Түркістан облыстық Әділет департаментінің басшысы М.Тұрғараев, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің директоры - бас редакторы А.Балажан, «Түркістан балалар мен жасөспірімдер орталығының» директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Б.Шойбеков  және Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, журналист, сазгер Б.Сердәлі, Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры А.Құдайбергенова  мен кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.  Мереке қарсаңында өткізілген кеңес отырысында қатысушылар 30 тамыз –Конституция күнімен құттықтап, айтулы күннің тарихын шолып өтті.  Президенттің саяси реформалары өз жемісін беріп жатқаны да айтылды.

Жиын соңында «MIRAS» кеңесінде айтылған ұсыныс, тілектер кеңес отырысының хаттамасына енгізілді.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін