Аурухана басшылығы қармағындағылардан 3,1 миллион теңге пара алған

Берік Жанатханұлы

  • 26.06.2021

Алматы облысында Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының басшысы, екі орынбасары мен екі мейірбике қарамағындағы медицина қызметкерінен ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлады Антикор баспасөз қызметі.

"Алматы облысында Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының басшысы, екі орынбасары және екі мейірбике коронавирусқа қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуге рұқсат беруді қамтамасыз еткені үшін қарамағындағы 25 медицина қызметкерінен жалпы сомасы 3,1 миллион теңгеге жүйелі пара алуда әшкереленді. Аурухананың осы бөлігіндегі жұмыс медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстемақы алуға мүмкіндік берген", - делінген хабарламада.

Олар әр адамнан 100-150 мың теңгеге дейін алып отырғаны хабарланды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбады. Алайда бұл мұндай жалғыз дерек емес. Қостанай облысында Қамысты жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының фельдшері үстемақы алу үшін 103 пультіне жалған қоңыраулар шалып, науқастарға бару туралы жалған есептер шығарғаны, пара алу схемасын ұйымдастырғаны анықталған. 

"Мұның бәрі медицина қызметкерлері мен жүргізушілерге қосымша төлемдер алуға мүмкіндік берді, ол қаражаттың бір бөлігі қолма-қол ақшамен және банк картасына аудару арқылы фельдшерлерге берілген", - дейді Антикор өкілдері

Байланысты жаналықтар

Оралда "аса қауіпті аурулар" 55 млн теңгені жеп қойған 

16.10.2023

Пара алғыш Шымкент шенеуніктері айыппұлмен құтылды

02.08.2023

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

20.07.2023

Төтенше жағдай. Шенеуніктер шеттерінен ұсталуда

20.07.2023

Алматының урбанистика басқармасының басшысы ұсталды

19.07.2023

Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

14.07.2023
MalimBlocks
Оралда "аса қауіпті аурулар" 55 млн теңгені жеп қойған 

Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерінің үстінен қаржы жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді.

Пара алғыш Шымкент шенеуніктері айыппұлмен құтылды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты білім басқармасының мамандары А. Шиндаулов пен М. Мейірбековке қатысты үкім шығарды.

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

Жемқорлар жайлаған тендердің «жеңімпаз» баспаларына министрліктегілер ескерту жасай алмайды

Төтенше жағдай. Шенеуніктер шеттерінен ұсталуда

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстады.

Алматының урбанистика басқармасының басшысы ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының жер қатынастары саласындағы жүйелі жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық істерді анықтады.

Қылмыс жасауда полиция алдына жан салмайды

Қазақстанда 2022 жылы 1,7 мың сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 725 адам сотталған.