«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Malim Админ

  • 29.03.2023

Парламенттің сессиясының ашылуы кезінде аймақтардан келген тұрғындар жанжал шығарды. Өздерін Светлана Асанова, Оксана Ротермель деп таныстырған олар «Депутаттар, шығыңдар! Қайда жүрсіздер? Соттардың бейберекеттігін тоқтатыңыздар. Біз қайда бармадық, кімнің есігін қақпадық, ешқандай нәтиже жоқ», - деп айғайға басты.

Амалы таусылған әйелдер жаңа депутаттардан Президентпен кездестіруді сұрады. Азаматтар соттардағы сыбайлас жемқорлыққа, жерді рейдерлік басып алуға, банк салымшылары  құқықтарының бұзылуына шағымданды. Айтуынша, жәбірленушілер Жоғарғы сотқа, Прокуратураға қанша мәрте арыз жазса да мәселелері шешімін таппаған. Келушілерді тек журналистер тыңдады. Ішке кіруіне  күзетшілер тосқауыл болды. 

Күйінген тұрғындар «Олар бізден қашады. Біз соншалықты жаумыз ба? Ұрып-соғып астына түсіріп тастады» деп күзетшілерге шағымдарын білдірді.    

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады