Коронавирус індеті қашан тоқтайды?

Malim Админ

  • 26.07.2020

Қазақстандық эпидемиологтар мен дәрігерлерге "коронавирус індеті қашан тоқтайды?" деген сұрақты қойсаң, "бұл бәріміздің карантин шараларын қалай сақтайтынымызға байланысты" деген жаттанды жауап аласың. Алысқа бармай-ақ осы аптадағы брифингіде бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың осы тақылеттес сөзін еске алсақ жеткілікті. Алайда індет қашан және қалай аяқталатыны жайлы әлемде түрлі болжам бар. Ендеше, соларға үңілейік.

Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко келесі жылдың ақпанына дейін Ресей бұрынғы өмірге қайтып оралмайды деп болжайды. "Қалыпты өмірге қашан ораламыз деп жиі сұрайды. Қалыпты өмір деген не? Бұл концерттерге бару, ары-бері ұшу, толыққанды жұмыс істеп, демалу. Меніңше, ақпанға дейін ондай қалыпты өмірге оралуымыз екіталай. Вирустың таралу тізбегі үзілуі керек", - дейді Ресейдің денсаулық сақтау министрі.

Енді бір эпидемиологтар вакцина шығарылып, толық сынақтан өтіп біткенше, адамзат вирустан сақтанып өмір сүруді үйренуі керек дейді. Қазір әлемнің бірқатар елінде вакцина жасалып, зерттеліп жатқаны белгілі. Оксфорд университетінің ғалымдары AstraZeneca компаниясымен бірге ChAdOx1 nCoV-19  вакцинасын жасап шығып, сынақтан өткізіп жатыр. Сынаққа қатысқан 1077 адамда вирусқа қарсы иммунитет пайда болған. Алайда сынақ мұнымен аяқталмайды. Жалпы, ғалымдар да, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да 2021 жылға дейін вакцина қолданысқа шықпайтынын айтып жатыр.

Ал Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының бұрынғы сарапшысы Клаус Штор Bloomberg-ке берген сұхбатында қыста коронавирустың кезекті толқынына тап боламыз деп болжайды. "Бұл вирустың эпидемиологиялық сипаты басқа жедел распираторлы вирустардікіне ұқсас. Вирус қыста қайта қозады. Алда індеттің үлкен толқыны болады. Локдаун немесе соған ұқсас шараларды қолға алмасақ, індет жайылып кетеді. Қысқа дейін вакцина шықпайды. Ауыратындар саны өсе түседі, оны тежеу қиынға соғады, өйткені адамдар өз еркіндігі мен жүріс-тұрысын шектеу шараларына көне бермейді", - дейді маман.

Клаус Штордың болжауынша, Германия сияқты дамыған елдерде келесі жылдың басында айтарлықтай көп вакцина шығады. Бірақ барлық елдер вакцинаға қол жеткізбейді. "Әлем вакцинасы барлар және жоқтар деп екіге бөлінеді".

Маманның айтуынша, әлемді вакцина емес, ұжымдық иммунитет құтқарады. "Келесі жылдың ортасына дейін әлемдегі адамдардың басым бөлігінде антиденелер болмақ. Ондай адамдар саны уақыт өте арта береді. Артынша вирустың үшінші толқыны келмек. Үшінші толқын аяқталғанда, әлемдегі адамдардың 80 пайызында антиденелер болмақ", - дейді ол.

Вакциналар сынақтан сәтті өтіп, қолданысқа енгенімен, көптеген халық үшін ол қолжетімді болмайды дейді  Штор. "Вакцина жасап шығу үшін барлық ресурсты жұмсауға тура келеді. Дегенмен көптеген халық вакцина ала алмайды. Келесі жылдың басына дейін вакцинаның 1,5 миллиард доза шығуы мүмкін. Әлемде 7,5 миллиард халық бар. Инфрақұрылымы жоқ, денсаулық сақтау жүйесі ақсап тұрған әрі халқы көп елде вакцинаны қалай өндірмек? Пандемияны вакцина тоқтата алмайды. Вирус өз жолындағы әрбір тірі жанға жұғып бітпейінше, тоқтамайды", - дейді маман.

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін