457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Коронавирус жұқтырушылар саны азайып келеді

Қазақстанда сырқаттанғандар санынан жазылғандардың үлесі 63,8%-ды құрады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

2020 жылғы 1 шілдеден 25 шілдеге дейін:  

- COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4% - дан 2,1%-ға дейін төмендеді; 

- жедел жәрдем шақыру 35% - ға қысқарды, оның ішінде КВИ бойынша 37%; 

- реанимациялық төсек-орындармен қамтамасыз ету 73% - дан 57%-ға дейін төмендеді; 

- провизорлық және инфекциялық стационарлардың жүктемесі 54%-ға дейін азайды. Ал жазылып шыққандардың саны 63%-ға артты.

coronavirus2020.kz сайтының хабарлауынша, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 80226 мың адам болса, сауыққандары саны 51260 жетті. Көз жұмғандар 585 адам боп тұр.