Назарбаевтың құдасы карантинге жатқызылды

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев карантинге жатқызылды. Ол COVID-19 жұқтырған адаммен байланысқан екен.
«Бүгінгі отырысымызға Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі қатысып отыр. Төраға Берік Имашев COVID-19 жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан қатыспады. Қойылуы мүмкін сұрақтарға алдын-ала жауап беру үшін Берік Мәжитұлының вакцинаның екі компонентін алғанын және ПТР-сараптама нәтижесі теріс екенін хабарлаймыз», - деп мәлімдеді Петров отырыста.
Берік Имашев қашықтықта да жұмыс істеп жатыр екен. Коронавирус симптомдары жоқ екендігі де хабарланды. Қазір Орталық сайлау комиссиясы ауыл әкімдерін сайлауға дайындықтарын пысықтап жатыр.
Берік МӘЖИТҰЛЫ еңбек жолын прокуратураның тергеушісі болып бастаған. Президент әкімшілігі, қауіпсіздік кеңесте де қызмет еткен. Президент көмекшісі, әділет министріде болған еді. 2016 жылдан бері ОСК басқарады. Қызы Аида Имашева президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жиені Нұрәли ӘЛИЕВТІҢ жары.
Фото: azattyq.org
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сайга под прицелом: что делать с тушами?
Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.