Орташа айлық жалақы өсіп кетіпті

Қыркүйекте қазақстандықтардың орташа жалақысы 257 030 теңге болды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жалақы былтырдан бері өсіп келеді. 2020 жылдың қазан айында айлық 209 818 теңге болса, биыл тамызда орташа айлық 256 455 теңгеге жеткен.
2021 жылғы тамызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы табысы 15,3%-ға өсіп, 130 590 теңге болған.
Айта кетейік, қазақстандықтардың табысы өссе де, елде 451,6 мың адам жұмыссыз жүр.
"Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне 4,9%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы тамыз айының соңында 222,6 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,4%-ды құрады", - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.