Пандемия кезінде байығандар

Malim Админ

  • 20.10.2020

Пандемия кезінде 42 500 теңгеге мұқтаж жандармен қатар байығанның үстінен баий түскендер де бар. forbes.kz карантин кезінде қаражаты көбейіп, дәулеті асқандар жайлы жазыпты.

Сонымен, олар кімдер? Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВТЫҢ күйеу баласы Кеңес РАҚЫШЕВ бақуатты кәсіпкерлер арасындағы тізімде жетінші орынан алтыншы орынға көтерілген. Оны байлығы 280 млн долларға көбейген. Бұрын 610 млн доллары болса, қазір дәулеті 890  млн долларға артқан. Кеңес мырзаға «Fincraft Group» ЖШС мен «БТА Банк» АҚ капиталының 29 % иелік етеді.

Коронавирус қоғамды әбігерге салып жатқанда байғындарды бірі – Нұрәли ӘЛИЕВ. Тұңғыш президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тұңғыш жиені былтыр ФОРБС тізімінде ең бай бизнесмендер арасында 31 орыннан көрінген еді. Оның байлығы 219 млн доллардан  269 млн долларға жеткен. Нұрәли РАХАТҰЛЫ «Capital Holding» ЖШС-нің иесі әрі «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Darmen Holding пен Nd Capital қорының акционері.

Қазақстандағы құрылыс саласының алпауыттарының бірі Bazis-A компаниясының қожайындары үшін де пандемия кезі табысты болған екен. Әкелі-балалы Александр мен Павел БОЛОВИЧТЕР дәулеттерін қосқанда ФОРБС-тың 7-ші сатысына шығып кеткен. Әкелі-балалы құрылысшылардың байлығы 630 млн доллардан  690 млн долларға өсіп кеткен. Bazis-A компаниясы басшыларының 77 000  шаршы метрлік коммерциялық жылжымайтын мүліктері бар. Сондай-ақ Өзбекстанда 207 млн долларлық жобалары бар. Биылғы жылдың наурыз айында астанада қала ішінен қала салатындарын жариялаған еді.

BI Group құрылыс холдингінің басшысы Айдын РАҚЫМБАЕВ та пандемия кезінде қалтасын қалыңдатып алыпты. 485 млн АШҚ долларын  514 млн-ға көбейткен. Яғни карантин кезінде құрылысшы кәсіпкер 29 млн доллар пайда тапқан. 2020 жылдың сәуір айында BI Group жиырма күннің ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін стационарлар салды. Маусым айында Шымкент қаласында да салған еді. Осы үш нысанға мемлекеттік бюджеттен 14 млрд теңге бөлінген болатын.

Байланысты жаналықтар

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

23.03.2023

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

17.03.2023

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

16.03.2023

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

16.03.2023

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

15.03.2023
MalimBlocks
Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

«Өзеннің арғы бетінде қалған» әріптестеріме не дейін?

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Ол өз үйінде жүрек талмасынан көз жұмған

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

Рамазан айы 23 наурызда басталады

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады