Прокуратура мен агенттікті «соғыстырған» шенеунік қызметінен кетті

Malim Админ

  • 10.02.2020

Прокуратура мен жемқорлыққа қарсы агенттікті «соғыстырған» әкім орынбасары қызметінен кетті.

Бүгін аппарат жиынында Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ орынбасары Бағдат МӘНІЗОРОВТЫҢ өз еркімен қызметінен кеткенін мәлімдеді деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Бағдат Мәнізоров қызметінен өз еркімен кетті. Қызмет барысында кәсіби маман әрі білікті басшы екенін көрсете алды. Арыс қаласын қалпына келтіруге барын салды. Сондай-ақ, облыстағы газдандыру жұмыстарына еңбегі сіңді», - деді жиын барысында Амандық Баталов.

Өз кезегінде әкімнің бұрынғы орынбасары да әріптестеріне жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

«7 ай ішінде біраз шаруаны бірлесіп атқардық. Алғашқы іс-сапарымда облыс басшысымен бірге Арыс қаласына бардық. Бәрі ойдағыдай өтті. Алматы облысы - кіндік қаным тамған жер, менің кіші отаным. Бұл аймаққа еңбегім сіңсе тек қуанамын», - деді Бағдат Мәнізоров.

Еске салайық, Бағдат МӘНІЗОРОВ 2019 жылы шілдеде Алматы обысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. Алайда аталған қызметке кіріскелі  2 ай өтпей жатып ұсталғаны туралы ақпарат тарады. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі ол ақпаратты қыркүйектің 27-де растады. Бірақ қарашаның басында Бас прокуратура бұл іс тоқтатылғанын хабарлаған. Осылайша, Мәнізоров судан ақ, сүттен таза болып жұмысына қайта кіріскен болатын.

Ербол ІЛИЯС

Фото: kaznews.kz

Байланысты жаналықтар

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

02.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023
MalimBlocks
Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады: