Қайрат Құдайберген қамауға алынды

Алматы қаласының маслихат депутаты Қайрат Құдайберген қамауға алынды. Бұл туралы «Kozachkov offside» Telegram-арнасы хабарлайды.
«Түнде Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты (Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1 және 2-бөлігі) айыпталып отыр» - делінген хабарламада.
Бұл туралы әзірге ресми мәлімдеме жоқ.
Еске салайық, Қаңтар оқиғасы кезінде Құдайбергенді Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 24 адамды ұрлап кетті деп айыпталған «Дикий Арман» - Арман Жұмагелдиевтің жанынан жиі көретін. Қазір «Дикий Арман» тергеу мерзіміне қамауға алынды.
Кейін Қайрат Құдайберген Арман Жұмагелдиевпен жаппай тәртіпсіздік кезінде бірге болғанын, сол күні қандай жағдай орын алғанын айтып берген еді.
6 қаңтар күні күндіз Арманмен бірінші рет Тәуелсіздік алаңында кездестік және бірге адамдарды сабырға, арандатуға берілмеуге шақырдық. Арман адамдарды тек бейбітшілік митингке, Үкіметпен сөйлесуге шақырды. Бірақ провокаторлар пайда болып, оны алаңның басқа жағына алып кетті, мен тұрған орнымда қалдым. Қасыма елдің ішінде жүрген бірнеше жігіт келіп, «Аға, мына жердегі провокаторлар сізді өлтіріп кетуі мүмкін, сізді көлігіңізге дейін шығарып салайық» деді. Оларға мың рахмет! – деп жазды депутат.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сайга под прицелом: что делать с тушами?
Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.