Қант нарығындағы заңсыздық бойынша  тергеу басталды  

Қант нарығында монополия орнатуға әрекет еткен компания анықталды

Malim Админ

  • 16.08.2022

Сұлтановтан «мұраға» қалған қант проблемасы Жұманғариннің бас ауруына айналған сыңайлы. Қант нарығында тапшылық неден болғанын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.  Сауда және интеграция министрі Жұманғарин бұл мәселе жөнінде түсініктеме берді. 

Оның айтуынша,  қант  өндірісінде заң бұзу фактілері байқалып отыр. Монополияға қарсы орган тергеу ісін  бастаған. «Қант бойынша айналым схемасына айтарлықтай көп қаражат бөлдік. Көктемгі дала жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінген болатын. Айналым схемасына 100 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Неге бұл қаражат қант зауыттарына жетпеген? Анық-қанығын айқындау керек», - деді ол. 

Сондай-ақ, қант нарығында монополия орнатуға әрекет еткен компания аталды.  

«Тергеу жұмыстарының  қорытындысы шығуы керек. Шикі қантты сатып алуға, өндіруге ақша берілген. Енді ақша берген адам 90 пайыз қантты "сатамын" деп өзіне алып алған. Ол деген – бизнес, әрине. Не болғанын түсінуіміз керек. Проблема неден шықты? Неге айналым сехмасына берілген 100 млрд теңге әкімшіліктен бірден зауыттарға бармады? Қорытындысын монополияға қарсы орган айтуы керек. Ол «КаИс Инвест» деген компания», - деді Жұманғарин.

Байланысты жаналықтар

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

21.04.2025

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

Қытай АҚШ тауарларына 84% баж салығын енгізіп, жауап қайтарды

09.04.2025

Қытай Трамппен тариф үшін соғыста "аяғына дейін күресуге" дайын

08.04.2025

Трамп Қытайға ескерту жасап, ойлануға бір күн уақыт берді

07.04.2025
MalimBlocks
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

Қытай АҚШ тауарларына 84% баж салығын енгізіп, жауап қайтарды

Қытай Трамппен тариф үшін соғыста "аяғына дейін күресуге" дайын

Қытайдың Сауда министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытай импортына қосымша 50 пайыз баж салығын енгізу туралы қаупін "қателік үстіне қателік" деп атады

Трамп Қытайға ескерту жасап, ойлануға бір күн уақыт берді