Қаржы пирамидасына БҚО тұрғындары 769 млн теңгеге алданған

Батыс Қазақстан облысында «Chia Tai Pharmaceutical» компаниясының өкілдері тұрғындардың 769 млн теңге қаржысын жымқырған. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынған.

Есенжол Елекенов

  • 18.07.2023

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты. Оның сөзінше, қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша «Chia Tai Pharmaceutical» компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді Қаржы мониторинг агенттігі БҚО бойынша департаменті жүргізуде.

– Бұл компания өзін инвестициялық ұйым ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты табыс әкелуге уәде берген. Сонымен бірге, «Chia Tai Pharmaceutical» жеке тұлғалардан ақшаны алып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. Келтірілген шығын көлемі бүгінде 769 млн теңгеден асады,- дейді Әлібек Әбділов. 

Ол қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынғанын айтты.

«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,- деді Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Байланысты жаналықтар

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Qnet ісі бойынша сот үкімі шықты

11.04.2025

Тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

31.03.2025

Қаржы пирамидасы үшін сотталған Мейіржан Төребаев бостандыққа шықпайтын болды

26.12.2024

Qnet қаржы пирамидасына адам тартқандар сотталды

09.07.2024

БҚО-да ресейлік әйелге найзағай түсіп, қаза болды

08.07.2024
MalimBlocks
«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Qnet ісі бойынша сот үкімі шықты

Qnet қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты

Тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Қаржы мониторингі агенттігі кең ауқымды операция жүргізіп, тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған «Buyers Union» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты,

Қаржы пирамидасы үшін сотталған Мейіржан Төребаев бостандыққа шықпайтын болды

Төребаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қолдау таппады

Qnet қаржы пирамидасына адам тартқандар сотталды

Талдықорғанда азаматтар ұйымға 200 млн теңге салған

БҚО-да ресейлік әйелге найзағай түсіп, қаза болды

Өңірде қатты дауыл соғып, екпінді жел ағаштарды құлатып, бірнеше үйдің шатырларын ұшырып әкеткен.