Қазақстан 1 миллиард доллар несие алмақ

Malim Админ

  • 02.11.2020

Еуропа қайта құру және даму банкі мен оның серіктестері Қазақстанға "жасыл экономикаға" көшу үшін 1 миллиард доллар көлемінде несие бермек.

"Еуропа қайта құру және даму банкі мен оның серіктестері Қазақстанның электр энергиясын өндіретін жылу электр стансасынан жаңартылатын энергия көздеріне өтуін қолдау үшін елдің оңтүстігіндегі Жаңатас қаласының жанында 100 МВт жел электр стансасын салуға қолдау көрсетеді", - делінген Еуропа қайта құру және даму банкінің сайтында.

Еуропа қайта құру және даму банкі 24,8 миллион доллар бөлмек. Бұл банктің Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін қаржыландыратын II бағдарламасы аясында соңғы келісім болмақ. Сондаай-ақ бұл ақшадан бөлек Азия инфрақұрылымдық даму банкі 34,3 теңге несие бермек. Ал Қытайдың өнеркәсіп-коммерциялық банкі оның үстінен 13,3 миллион доллар қосса, Жасыл климат қоры 22,9 миллион доллар көлемінде жеңілдетілген несие береді.

Бұл ақша Жаңатастағы жел электр стансасына бөлінеді, ал бұл жобаға Қытайдың China Power International Holding (CPIH) компаниясы Visor Investments Coöperatief  жергілікті холдингтік компаниямен бірге иелік етіп, басқарады.

"Жаңа электр стансасы қоршаған ортаға бөлінетін CO2 көлемін 262 мың тоннаға азайтуға көмектеседі", - делінген хабарламада.

Еуропа қайта құру және даму банкі осы күнге дейін Қазақстандағы 273 жобаға 8,63 миллиард доллар инвестициялаған.

Осылайша 2017 жылы астанада жасыл экономика және жаңартылатын энергия көздері атты ЭКСПО көрмесін дүркіретіп өткізу үшін 1,5 миллиард доллар жұмсаған Қазақстан енді сол жасыл энергия көздеріне көшу үшін бір миллиард долларды сырттан несие түрінде алып отыр.

Фото: Strategy2050.kz

Байланысты жаналықтар

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

29.05.2023

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

21.05.2023

Қазақстанда тұратындардың бәрі «қазақ» болуы керек пе? Депутат не дейді, халық не дейді? 

04.05.2023

Тәліптер Қазақстанға келетін болды

18.04.2023

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. Мамандар себебін айтты

05.04.2023

Қазақстандықтардың проблемалық несиесі 12 млрд теңгеге көбейген   

03.04.2023
MalimBlocks
Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

Қазірдің өзінде ұлттық валюталары рекордтық деңгейде құлдырап кеткен

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

Ол сайтта арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр

Қазақстанда тұратындардың бәрі «қазақ» болуы керек пе? Депутат не дейді, халық не дейді? 

"Бірте-бірте қазақтар  өз жерінің қожайыны болудан қалады".

Тәліптер Қазақстанға келетін болды

«Талибан» - Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар қатарында

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. Мамандар себебін айтты

Осымен екінші жыл туу көрсеткішінің азайғаны байқалады

Қазақстандықтардың проблемалық несиесі 12 млрд теңгеге көбейген   

90 күннен асқан несие 827 млрд теңгеге жеткен