Қазақстан 12 жылдық білім беруге қашан көшеді?

Malim Админ

  • 23.02.2020

Қазақстан мектептері 12 жылдық білім бер жүйесіне 2021 жылдан бастап өте бастайды. Бірақ мектептер алдымен білім берудің жаңартылған бағдарламасына өтпек

Білім және ғылым министрлігі 12 жылдық білім беруге өту жөніндегі мемлекеттік бағарламаны әзірлеп жатыр. 12 жылдық білім беруге өту Қазақстанда бұрыннан көтеріліп келе жатқан мәселелердің бірі. Ата-аналардың ең жанды жеріне тиетін осы бастама осыған дейін талай мәрте кейінге шегеріліп келген-ді. Алайда білім және ғылым министрлігі 2021 жылы 1-ші және 11-сыныптар жаңартылған оқу бағдарламасына көшкен соң, 12 жылдық білім беруге өте басталатынын хабарлады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 12 жылдыққа көшпес бұрын мектептегі оқу бағдарламасын жаңарту маңызды екенін түсіндірген. "Мектепттегі 1-ден 11-сыныпқа дейінгі жаңартылған бағдарлама 2015 жылы мақұлдаған. Қазір сол бағдарлама бітріндеп ендіріліп жатыр. Алдымен сол толық ендірілуі керек. Әйтпесе, аяқ астынан ешқандай дайындықсыз 12 жылдық білім беруге көшіп кете алмаймыз. Өйткені 12 жылдық білім беру мектеп инфрақұрылымына әсер етеді, мұғалімдерді дайындап, жаңа оқулықтар шығарып алу керек, олай етпесек, проблемаларға тап боламыз", ­- деді министр. Министрдің айтуынша, Қазақстан мектептері 12 жылдық білім беру 2021 жылдан өте бастайды.

12 жылдық білім беру дегенде, ата-ананы ең алдымен баланы мектепке қанша жастан беру керек деген мәселе толғандыратыны түсінікті. Министрлік әзірлеп жатқан қазіргі жобаға қарағанда, 1-сыныпқа балаларды бұрынғыдай 6 жастан қабылдай береді, яғни мектеп табалдырығын алғаш аттайтындардың жасы өзгермейді. Дегенмен 12 жылдық білім беруде 1-5-сынып аралығы бастауыш мектеп болса, 6-10-сыныптар орта мектепке жатпақ. Ал 11-12-сыныпар бейінді бағыт болмақ. Осылайша 12 жылдық білім беру бағдарламасымен оқыған оқушылардың алғашқы легі мектепті 2032-33 оқу жылы аяқтап шығады.

12 жылдық мектеп не үшін керек?

Әлемдегі елдердің 60 пайызы балаларды 12 жылдық білім беру жүйесімен оқытады.  12 жылдыққа әлдеқашан өткен кей елдерде балаларды мектепке 4 жастан бастап қабылдайды. Мәселен, Ұлыбританияда төрт жастағы бала әуелі мектепке дейінгі дайындық сыныбына барады. Бір жылдан кейін бірінші сыныпқа өтеді. Ұлыбританияда мектепке дейінгі дайындық сыныбынан бастап алтыншы сыныпқа дейінгі оқу бастауыш білім беру болып есептеледі. Ғылым-білімі дамыған елдердің барлығы 12 жылдық білім беруге әлдеқашан өткен. Әрі олар баланы мектепке ерте жастан беру тиімді, бала білім алуды неғұрлым ерте бастағаны дұрыс екенін көрсетті. Бұл елдерде бастауыш сыныптың алғашқы жылында баланы мектепке бейімдеп үйретеді. Сабақтардың көпшілігі алғашқы жылы ойын түрінде өтеді. Екінші жағынан мектеп бағдарламасын 12 жылға бөлу оқуды жеңілдетеді, өйткені балаға 11 жылдық білім беру жүйесіндегідей көп салмақ түспейді. Оның үстіне 11-ші және 12-сыныптарда бала тек бейінді бағыттағы пәндерді оқиды.

Елімізде 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі алғашқы іс-шаралар 2000 жылдары қолға алынған болатын. 2003-04 жылдары елде 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі экспериментке 51 мектеп қатысты. 2004-05 жылдары бұл эксперментке еліміздің түкпір-түкпіріндегі тағы 53 мектеп қосылды. Эксперименттің нәтижесі мектепті 12 жыл оқыған баланың білім көрсеткіші жоғары болатынын көрсетті. Мәселен, экспериментке қосылған 50 мектептің жоғары сынып оқушыларының орташа балы 38,7 пайызға жеткен. Бұл республикадағы көрсеткіштен 2,8 пайызға жоғары.

Жалпы алғанда, 12 жылдық білім берудің мақсаты баланың білім алуын барынша жеңілдету. Оның 11 жылдық білім беру жүйесінен басты айырмасы, мектепке дейінгі дайындық сыныбы қоса есептеледі. Яғни нөлінші сынып 11 жылдық білім беру жүйесіндегідей жеке-дара емес, мектеп бағдарламасына қосылып оқытылады. Ал бұл - Батыс елдеріндегі стандартқа сай келеді.

Фото: inbusiness.kz

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өзіне қол салды

14.02.2025

Шымкенттегі мектептердің көбі мемлекеттік аттестациядан өте алмады

14.02.2025

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

08.02.2025

«Күдікті әлі табылмады». Атырауда мұғалімді 80 млн теңге сұрап қорқытты

07.02.2025

Мектептер мен колледждерде «111» байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды

20.01.2025

Қысымға ұшыраған атыраулық мұғалім суицид жасамақ болған

11.01.2025
MalimBlocks
Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өзіне қол салды

Шымкенттегі мектептердің көбі мемлекеттік аттестациядан өте алмады

70 мектептің 52-сі білім беру талаптарына сай емес

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

Бұл білім беру бағдарламалары қайта қарауды талап етеді

«Күдікті әлі табылмады». Атырауда мұғалімді 80 млн теңге сұрап қорқытты

Мектептер мен колледждерде «111» байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды

QR-кодтар арқылы «111» байланыс орталығына сұрау жібере алады

Қысымға ұшыраған атыраулық мұғалім суицид жасамақ болған

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр