Қонаевқа мұрт салғандар ұстала ма?

Malim Админ

  • 17.05.2021

Белгілі саясаткер Дінмұхамед ҚОНАЕВТЫҢ муралына мұрт салып кеткен кім? Мемлекет қайраткері бейнеленген муралды бүлдіріп кетті деп tengrinews.kz сайты хабарлаған.

Қазақстанды совет дәуірінде отыз жылға жуық басқарған Дінмұхамед АХМЕТҰЛЫНЫҢ муралы осыдан төрт жыл бұрын бұрынғы №3 шағын ауданында салынған болатын. Жуырда белгісіз біреулер Қонаевтың бейнесін бүлдіріп мұрт салып кетіпті.

Әзірге бұған қатысты полиция қандайда бір мәлімдеме жасаған жоқ. Жалпы, Қазақстанда бірінші президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ суретін бүлдіруге жол берілмейді. Мәселен, 2010 жылы мәжіліс ҚР қылмыстық кодексін 317 баппен толықтырып, ҚР Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасауға, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президентінің - Елбасының суретін бүлдіруге, көпшілік алдында қорлауға және оның абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға, оның өмірбаян фактілерін қаралауға жол берілмейді деп көрсетілген.  

Фото: tengrinews.kz