Қызылорда шенеуніктері дәрігерлерді құрметтемей ме?

Malim Админ

  • 21.05.2021

Қызылордалық кәсіпкер Раушан БАЗАРБАЙ үш айдан бері пандемия кезінде халықтың өмірі үшін жан қиған медицина саласы  қызметкерлеріне арналған ескерткішін орната алмай жүр. Кәсіпкер өз қалтасынан 15 миллион теңге шығарып ескерткіш жасатқан екен. Бұл бастаманы облыстық денсаулық сақтау департаменті қолдаған екен. Қалалық әкімдік көпшілік жүретін қоғамдық жерден орын береміз деген екен. Алайда, кейінен сөздерінен тайқып кеткен.  

«Жанкешті еңбегімен коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлеріне ескерткіш қою туралы ұсынысты 2020 жыл жасадым. Дағыстанның Махачкала қаласында дәрігерлерге ескерткіш қойылғанын естіген соң осындай идея келген еді. Онымды облыстық денсаулық сақтау басқармасына, республикалық медицина қауымдастығына айттым. Олар қолдаған соң макетін ресейлік суретші, мүсінші Әлібек ҚОЙЛАҚАЕВҚА жасаттым. Қазір мүсінді орналастыратын орын бекітілген жоқ. Облыстық, қалалық әкімшілікке бұл мәселе айтылды. Олар ұсынған үш орынның біреуін таңдадық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарайтын медициналық орталықтың қасындағы гүлзар. Бірақ өздері ұсынған орынды бермей отыр. Қалалық сәулет бөлімі ұсынған орын медициналық колледждің ауласы. Ол жерде ескерктішті кім көреді?», - дейді Раушан Базарбай malim.kz сайтының тілшісіне.

Жергілікті билік өкілдері болса, ескерткіштің ресми статусы жоқ, сол себепті қала орталығынан орын бере алмаймыз дейді.

«Медициналық орталықтың жанын таңдап отыр енді. Шамалы ыңғайсыз, келмей тұр. Өйткені гүлзар бар, қасында фонтандар бар. Қасынан канал өтіп жатыр. Ол келмейді енді. Бұл кісі орнатқысы кеп тұрған дүниенің ескерткіш ретінде әлі статуста жоқ. Бірінші соны белгілеп алу керек», - дейді Қызылорда қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Ғабит ҚОЖАХМЕТОВ.

Кәсіпкер қызылордалық шенеуніктерден медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне дейін жөнді ұсыныс күтпекші. Егер лайықты орын берілмесе басқа қалаға сыйға бере салмақ.

«Мен үкіметтен бір тиын ақша сұрап тұрғаным жоқ. Ескерткі орнататын жақсы жер берсе болды. Күтімі деп өз мойнымда болады. Егер Қызылорда қажет етпесе, Нұр-Сұлтан немесе Алматы қаласына бере саламын. Ол жақта сұрап жатқандар бар», - дейді Раушан Базарбай.

Оңғар САЙМОСАЕВ

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

07.05.2025

"Ким Чен Ынға ұқсайды". Желіде Қасым Қайсеновтің ескерткіші қызу талқыға түсті

27.04.2025

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

23.04.2025

Мұғалім кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінді

21.04.2025

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

25.03.2025
MalimBlocks
Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

"Ким Чен Ынға ұқсайды". Желіде Қасым Қайсеновтің ескерткіші қызу талқыға түсті

Саусақтарын шауып тастаған: әйелін өлтірмек болған мұғалімге қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысы Шиелі ауданында балтамен әйелін бірнеше рет ұрып, саусақтарын шапқан мектеп мұғалімі қамауға алынды

Мұғалім кісі өлтіруге оқталды деген күдікке ілінді

Қызылорда облысында биология пәнінің мұғалімі әйелге аяусыз шабуыл жасады деген күдікке ілінді​​​​​​​

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

Қызылорда облысында, Тасбөгет кентінде ер адам қызғаныштан жұбайын соққыға жыққан