Сағынтаев: Индустриалды аймақта өнеркәсіп жобалары іске асып жатыр

Malim Админ

  • 26.05.2021

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін "Алматы" арнасындағы тікелей эфирде қаладағы индустриалды аймақтың дамуына тоқталды. Әкімнің айтуынша, индустриалды аймақта қазіргі кезде 14 инвестициялық жоба іске асып жатыр.

Осы 14 инвестициялық жоба құны 100 миллиард теңгеге жуық өнім шығаруға мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін құны 40,5 миллиард теңгеге жететін 9 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Осыдан бірнеше күн бұрын Б.Сағынтаев аймақтық үйлестіру кеңесімен бірге индустриалды аймаққа барып, жобалармен танысып қайтқан.

Индустриалды аймақтағы өнеркәсіп орындары

Индустриалды аймақта автоклав газды бетонын шығаратын екі кәсіпорын – "Г.С.Г. Высотник" пен "СК Рахат" ЖШС іске қосылуға дайын. Екі команияға 2 миллиард теңгеден астам ақша құйылды, осының арқасында 165 жұмыс орны құрылады. Осы екі компания Алматы қаласындағы құрылыс компанияларының автоклав газды бетондарына деген сұранысын өтейді.

Жалпы, 490 гектар аумақты алып жатқан Алматының индустриалды аймағының 164 гектар аумағы инфрақұрылымға бөлінген. Қазіргі кезде индустриалды аймақта мына компаниялардың жобалары іске асты: «BRB APK», «Almapack», «DOC Co.LTD», «TOKYO ROPE ALMATY», «KMK Investment», «KazTigerTape», «ЭНКО», «ASSET», «Техновид», «МПЗ Бижан», «ДорХан-Алматы», «Алмерек», «Hyundai Trans Kazakhstan». Екі мыңнан астам жұмыс орны құрылып, құны 99,6 миллиард теңгеге жететін өнім шығарылды.

Индустриалды аймақта 10 гектардан астам жерді алып жатқан " Valtherm" ЖШС алюминий және биметалл радиаторларды жоғарғы қысымда балқытып құю арқылы шығаратын Қазақстандағы алғашқы зауытты салып жатыр. Жобаның құны – 11,6 миллиард теңге. Бұл зауыттың өнімдері Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шетелде де сұранысқа ие болмақ. Өндіріс нысанының құрылыс жұмыстары қазіргі кезде аяқталды, қазіргі кезе сыртқы аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зауыт 430 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Жоба 2021 жылдың қыркүйегінде іске қосылады. 

2021 жылдың алғашқы тоқсанында индустриалды аймақта іске қосылған "KMK Invest" ЖШС-ның алюминий және мыс созба сымдарын шығаратын зауытта 80 адам жұмыс істейді. Зауыт жылына 25 мыңнан астам өнім шығарады. Айтпақшы, бұл "KMK Invest" ЖШС-ның Алматы индустриалды аумағында іске асырған алғашқы жобасы емес. 2018 жылы компания кабель өнімдерін шығаратын зауытты іске қосқан. Жобаға 12,7 миллиард теңге инвестиция бағытталды, 100 жұмыс орны құрылды.

Ал "Каз-Диа-Тест" ЖШС шілде айында индустриалды аймақта медициналық диагностикалық тест жүйелерін өндіретін өндіріс орнын іске қосады. Жоба аясында 65 жұмыс орны құрылмақ. Компания түрлі инфекция мен онкологиялық ауруларды анықтайтын экспресс-тестер мен коронавирусқа анықтайтын ПТР-тестер өндірісін жолға қоймақ. Өндіріс орнының құрылыс жұмыстары аяқталды, ғимарат жақында пайдалануға беріледі.

Индустриалды аймақта "Алмерек" ЖШС да медицина бұйымдарын шығаратын зауытын іске қосқан. Зауыт терапиялық қалақша, зонд, сұйықтықты вакуум жолымен жинайтын жүйелер, скарифактор шығарады. Жобаға 443,4 миллион теңге құйылды, есесіне 50 жұмыс орны құрылды.

Индустриалды аймақта химия, құрылыс және машина жасау саласының өндірісі де жолға қойылған. Бұл жобаларға 3,8 миллиард теңге құйылып, 340 жұмыс орны құрылған.  

2021 жылдың соңына дейін индустриалды аймақта "СК Рахат», «Г.С.Г. Высотник», «Каз-Диа-Тест», CityStone, «Әлем Тынысы», Asiasteelpipecorporation, «Электробар», Valtherm, Technokont компанияларының тоғыз жобасы іске қосылады. Қосымша 823 жұмыс орны құрылады. Бұдан бөлек шағын және орта бизнес нысандарына арналған 22 мың шаршы метр өндіріс аумағы пайдалануға беріліп,  5 өнеркәсіп паркі іске қосылады. Бұл жоба да қаланың әлеуметтік тынысына үлес қосады. Себебі 860 жұмыс орны құрылады. Ал 2025 жылға дейін индустриалды аймақта  құны 93 миллиард теңгеге жететін 28 жоба іске қосылады. Нәтижеде 3 мың адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Almaty Business бағдарламасы аясында 10 шағын өнеркәсіп паркі құрылғанын еске салды. Бұл мақсатта 5,3 миллиард теңге инвестиция бағытталған. 3 өнеркәсіп паркі 2020 жылы құрылса, биыл 5 өнеркәсіп паркі ашылады. Осының нәтижесінде 1,1 мың жұмыс орны құрылады. Өнеркәсіп парктерінде азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз жне құрылыс саласындағы 29 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

Әкім сондай-ақ жоғары технологиялар қолданатын компаниялар үшін арнайы "Инновациялық технологиялар паркі" іске қосылғанын еске салды. Осы паркте іске қосылған жобалар үшін барлық жағдай жасалды: салық және кеден жеңілдіктері берілді. Қазақстандағы алғашқы фармацевтивкалық кластерді құру үшін 4 компанияға 33 миллиард теңге инвестиция бағытталды.

Фото: Алматы әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Серік Боқан Бекболат Тілеуханнан кешірім сұрады

22.08.2020

Қымбат Досжанның даулы хабарын Ұлттық арна алып тастады

05.11.2020

Цой оқушылар қашан мектепке барып оқиды деген сұраққа жауап берді

14.10.2020

Пандемия кезінде байығандар

20.10.2020

Красота города - в чистоте

10.05.2021

Астанада карантин күшейтілді

29.03.2021
MalimBlocks
Серік Боқан Бекболат Тілеуханнан кешірім сұрады

Қымбат Досжанның даулы хабарын Ұлттық арна алып тастады

Цой оқушылар қашан мектепке барып оқиды деген сұраққа жауап берді

Пандемия кезінде байығандар

Красота города - в чистоте

Астанада карантин күшейтілді