Салық жеңілдігі: кімге не пайда?

Malim Админ

  • 03.02.2020

Шағын және орта бизнестің 3 жылға салықтан босайтыны мемлекет басшысының жолдауында айтылған-ды. Сол тапсырма қалай іске асып жатыр? Салық бостандығы кімге тиеді, ел не пайда көреді?

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушысы Жәнібек Нұржанов астаналық тілшілер алдына осы сұрақтарға жауап қатты. Оның сөзінше,  шағын және микро бизнестің табыс салығына жеңілдік жасап әрі тексеруге мораторий енгізу туралы тапсырма берілген соң  салық заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізілген. Осы жеңілдіктер кімдерге тиесілі? Шағын һәм микро бизнес деп қандай кепті, дәулетті айтамыз?  Жұмысшылары  саны 15-тен аспайтын иә болмаса,  жылдық табысы 30 000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)  (78,150 млн теңге) болатын кәсіпкерлік болса, онда оның сипаты микро бизнес деген сөз. Ал шағын кәсіпкерлікте  – жұмысшылар саны 100-ден асуы,  табысы 300 000 (АЕК-тен) (781,5 млн теңгеден) аспауы шарт.

Дегенмен, салық жеңілдігін микро және шағын кәсіпкерлікпен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес те пайдалана алады. Яғни, патентпен ауылды жерде кәсіп еткендер, бірыңғай жер салығын төлейтін шаруа қожалықтары да салық жеңілдігіне ілігеді. Сөйтіп, жалпы алғанда салық жеңілдігін 1 млн 200 мыңдай кәсіпкерлік субъектісі пайдаланады. Ал бұл барлық бизнес субъектілерінің жалпы көлемінің  75 пайызы екен. Дегенмен, шенділердің сөзінше, кәсіпкерлерді салықтан босатқанымен оларды қылмыстық қарекеттерге жібермес үшін барынша назарды ұстайды.

«Мемлекеттік кірістер органы қызметінің бір бөлігі ретінде шағын және микро кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жарияланады. Алайда кедендік, қарсы салықтық, дебиторлармен қарым-қатынасын анықтау үшін жасалатын тексеріс, салық органдарында есепке тұрған кезде, салық органы шешімімен кассалық анықтау үшін қажет болған жағдайда, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу кезінде тексеріледі. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері өз қызметтерін тексеруі жөнінде жүгінгенде және жер қойнауын пайдаланушылар тексеруден босатылмайды. 2019 жылы тексеруі басталған субъектілерді де тексерісі толық аяқталғанша тоқтатылмайды», – деді Жәнібек Нұржанов.

Бүгінде салық төлеушілердің 1,8 пайызы ғана комитет тарапынан тексерілгенін сөз еткен Нұржанов мемлекеттік органдардың  әкімшілік кедергілерді  азайтып жатқанын атап өтті.

Байланысты жаналықтар

Блогерлерге салық төлетпек...

29.06.2023

Шетелдік көліктерді бастапқы тіркеу 200 мың теңге 

24.11.2022

Ақмолалық ХҚКО-лар мүгедектерден заңсыз баж салығын алған

16.08.2022

Таксистен блогерге дейін: мобильді ақша аударымдарын қалай бақылайды?

22.04.2022

Тойхана иелері: Табыстан айырылдық, жабылуға мәжбүрміз

19.01.2021

Кәсіпкерлікті құтқарудың төтенше жолы

27.04.2020
MalimBlocks
Блогерлерге салық төлетпек...

Блогерлер желіде жарнама жасағаны үшін салық төлеуге міндеттеледі.

Шетелдік көліктерді бастапқы тіркеу 200 мың теңге 

1 қыркүйекке дейін елге әкелінуі керек

Ақмолалық ХҚКО-лар мүгедектерден заңсыз баж салығын алған

Жеке куәліктер мен  паспорттар бергені үшін негізсіз салық салған

Таксистен блогерге дейін: мобильді ақша аударымдарын қалай бақылайды?

Блогерлер кәсіпкер ретінде тіркелмесе тиісті шара қабылданады

Тойхана иелері: Табыстан айырылдық, жабылуға мәжбүрміз

Кәсіпкерлікті құтқарудың төтенше жолы