Шомылу маусымы басталады – Қауіпсіздік сақтауды ұмытпаймыз

Қазақстанның түкпір-түкпірінде құтқарушылар жылдағы шомылу маусымының басталуына байланысты түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Әр өңірдегі қауіпті су аймақтарымен судағы қауіпсіздік шаралары туралы оқи отырыңыз.

Ақниет Аманжолқызы

  • 22.04.2022

Көктемде күн жылынғаннан бастап, еліміздің оңтүстік бөлігінде суға шомылу маусымы басталады. Кейінгі жылдардағы статистикаға қарасақ, 2020-2021 жылдары Қазақстанда 857 адам суға батып кеткен. Оның 248-і балалар. Бүгінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 25 адам суға кетті, оның үшеуі бала.

Суға батқан адамды алғашқы үш күнде белсенді түрде іздестіру жүргізілсе, одан кейін осы уақытта табылмаса, пассивті іздеулер жеті күн, ал бақылау тағы үш күн жалғасады.

Еліміздің құтқару станцияларында оқушыларға экскурсиялар, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша мастер-кластар, суға батқандарға көмек көрсету кезіндегі іс-қимылдар ұйымдастырылды, сондай-ақ мектептерде су айдындарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс тақырыбына сурет салу конкурстары ұйымдастырылды.
Қазір елімізде 490 рұқсат етілген шомылу аймағы бар. Оның 187-сі коммуналдық болса, 287-сі – жеке жағажайлар. Жеке жағажайлардың саны күрт көбейген. 16 жағажайдың иесі кім екені белгісіз. Қазақстанда тұрғындардың суға түсуі және демалуы үшін пайдаланатын 50 мыңнан астам су қоймасы бар. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері азаматтар жиі пайдаланатын су айдындарының 125 учаскесін бақылайды. Оларда 490-нан астам құтқарушы тәулік бойы кезекшілік етеді. Биыл Төтенше жағдайлар министрлігінің 45 мобильді құтқару бекеті қойылады.

Коммуналдық жағажайларда балаларға қауіпсіз болатын жағажайлар дайындау аяқталып жатыр. Онда құтқарушылар балаларға жүзуді үйретеді. Республикада барлығы 265 стационарлық бассейн, 146 рамалық-модульдік бассейн бар. Жыл басынан бері бұл бассейндерде 26 мыңнан астам бала жүзуді үйренген. 2GIS платформасында еліміздің барлық өңірлеріндегі су айдындарында шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындар туралы деректер бар.

Елімізде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру үшін арнайы акция өтіп жатыр. Акция аясында жалпы білім беретін мектеп оқушылардың арасында балаларды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне оқытуға бағытталған «Судағы қауіпсіздік!» тақырыбында диктанттар, мазмұндамалар, шығармалар, өлеңдер, суреттер конкурстары өткізілді.

Өткізілетін үгіт-профилактикалық іс-шаралар оқу жылының соңына дейін жалғасатын болады, оның шеңберінде білім беру объектілерінде «Қауіпсіз су!» тақырыбында газет-қабырғаларды, қауіпсіздік бұрыштарын ресімдеу, сынып сағаттарын, интерактивті сабақтар, ата-аналар чаттарында нұсқамалар, тақырыптық линеектер, әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер өткізу, сондай-ақ бейнероликтер көрсетілімі жоспарланған.

Бұдан бөлек, өңірлерде балаларды жүзуге үйретіп жатыр. Оқыту барысында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, сондай-ақ мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, Алматыда оқыту жұмыс күндері «Оқушылар сарайы» МКҚК кәсіби дайындалған жаттықтырушыларымен жүргізіледі. Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері «Жанұя» мамандандырылған кешенінің тәрбиеленушілері үшін жүзу бассейнінде оқыту ұйымдастырады.Алматы қаласы ТЖ Департаменті күн сайын Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 4 бассейнінде балаларды жүзуге үйрету бойынша профилактикалық жұмыс жүргізуде.

Жазғы демалыс аяқталғанға дейін 2000-ға жуық баланы, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан 400 баланы оқыту жоспарлануда.

Ал Шығыс Қазақстанда құтқарушылар оқушылармен кездесіп, судағы қауіпсіздік туралы мәлімет берді. Олардың айтуынша, ата-аналардың қарауынсыз суға түсуге болмайды. Сондай-ақ, судағы тәртіпсіздік пен тентектік, түрлі ескертулерді тыңдамау қайғылы оқиғаларға әкеліп соғатынын да атап өтті.

Құтқарушылардың ескертпесін, суда шомылу қауіпсіздік ережелерін назарға ұсынамыз. Көп адамның суда жүзе білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқйғаларды болдырмау ушін, төмендегілерді орындаған жөн.

Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:

Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.

Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.

Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз.

Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

Қоршау белгілерінен, буилардан тыскары жүзбеңіз.

Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз.

Тыйым салынған жерде шомылмаңыз.

Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Жүзу кезінде телефонды, допты, тақтайшаларды жағаға тастап кеткен жөн.

Суда шолжаңдауға жол бермеңіз.

Жалған дабыл бермеңіз.

Өтіп бара жатқан катерлерге, кемелер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз.

Суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден секірмеңіз.

Таныс емес жерде сүңгімеңіз.

Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда

шомылудың қауіптері

Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, ағын сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпті. Себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дезентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

Тырысу (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз:

Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады. Егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз. Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз. Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңызды бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз. Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз

Су иірімінен шығудың тәсілдері:

Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.

Судың астына иірімен алысырақ кетуге тырысыңыз.

Иірімен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет:

Суда ұзақ шомылу шаршап – шалдығуға әкеліп соғады.

Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.

Қайта-қайта шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.

Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

Суық судың қаупі:

Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық

Суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады.

Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда , ашыққанда , мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан сон-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық- суда әрібір секунд қымбат.

Егер сіз қайықпен жүрген болсаңыз:

Иесіз және техникалық ақауы бар қайықтарды пайдаланбаңыз.

Жүзуге құтқарушы және су төгетін құралдарсыз шықпаңыз.

Қайыққа ережеде бекітілгеннен өзге артық жолаушылар мен жүктерді алмаңыз.

Мас күйіңізде қайықпен қыдырмаңыз.

Қайықтың бүйіріне және тұмсығына отырмаңыз.

Бір орыннан екінші орынға, сондай-ақ бір қайықтан басқа жүзетін нәрсеге ауысып отырмаңыз.

Қайықтан суға сүңгімеңіз.

Жүзетін құралдарды қараңғы түсісімен пайдаланбаңыз.

Үлкендер бірге болмаса, 14 жасқа дейінгі балалардың жүзгіш құралдарды пайдалануына тыйым салынады

Қазір ел аумағында жасанды көлдер мен бассейндер салынып жатыр. К8н жылынған кезден бастап, бассейні бар демалыс аумақтарына жиналатын адамдар саны да артады. Сондықтан бассейндегі қауіпсіздік шараларын да білген жөн:

Балалар бақылаусыз қалмауы керек.

Бассейн дұрыс қоршалғанын білу керек.

Жақын жерде жедел жәрдемге хабарласа алатын телефон болуы тиіс.

Бассейннің жанында құтқару техникасы болуы шарт.

Егер сіз шомылуға барған жерде оқыс оқиға болған жағдайда алғашқы көмек көрсету жолдарын білуіңіз керек:

Зардап шеккен адамның демі тоқтаған күннің өзінде 6 минут ініде өмірге оралтуға болады

Зардап шеккен адамды жағаға жеткізу керек

Зардап шеккен адамның басын қисайтып, аузың құм мен балшықтан тазарту керек.

Тыныс жолдарын және асқазанды судан босату қажет. Мұның бәріне 15 секундтен артық кетпеуі керек. 

Тамыр соғысы білінбесе, жасанды дем беруге кірісу керек.

Сіңір тартылғанда:

Қолдардың саусақтары: жұдырықты білекке жылдам, қатты бүгіңіз, қолды жан-жаққа лақтырғандай қимыл жасаңыз және жұдырық жұмыңыз.

Балтыр-аяқ бұлшықтары: бүгіңіз, сіңірі тартылған аяқтың табанын ұстаңыз және өзіңізге қатты тартыңыз.

Жамбас-сан бұлшықтары: аяқты сирақтың сырт жағынан (алқымның сыртынан) ұстаңыз және оны тізеге бүгіп, артқа, белге қарай тартыңыз.

Иірімге тап болсаңыз:

Кең тыныстап, ауа жұтып алыңыз, суға батып кетіңіз де, ағысқа қарай қатты жұлқынып, жоғары қалқып шығыңыз.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды