Шымкентте өрт қауіпсіздігі басты назарда

Malim Админ

  • 12.03.2021

Қыс мезгілі біткенмен, Шымкент қаласында үй-үйлерге әлі де от жағылып, жылу маусымы жалғасып жатыр. Қала тұрғындары үйлерін жылыту үшін газ және пеш жабдықтарын, электр жылыту құралдарын пайдаланады. Сондықтан, жылыту құралдарын қолдануда қауіпсіздік сақталмаса арты өртке ұласуы мүмкін.

Сондықтан тілсіз жаудың алдын алу мәселесі әкімдік алдындағы басты міндеті. Қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндіру жұмыстары да жиі жүргізіліп тұрады. Мәселен, Қаратау ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері жеке тұрғын үй секторын аралап, осы бағыттағы жұмысты белсенді жүргізіп жатыр.

Арнайы рейд кезінде ТЖ қызметкерлері кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың тұрған жерлеріне ерекше назар аударады. Белгіленген инспекторлар үй үйді аралап, жылыту пештерін қауіпсіз пайдалану жөнінде кеңестер беріп, жылыту құралдарын пайдалану ережелерін түсіндірумен айналысады. Әр үйге барған сайын өрт қауіпсіздігі талаптарын еске салатын жадынамалар беріп кетеді. Бұл әр үде ілініп тұруға тиіс.

Бұл рейд «Өрт қауіпсіздігі айлығы» деп аталады. Рейд аясында Қаратау ауданы ТЖ басқармасының мамандары 8 шағын ауданда профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жеке сектордағы 1856 үйді, 47 көп қабатты үйді аралап шыққан. Нәтижесінде түсіндіру жұмысымен 7 338 тұрғын танысты.

Азаматтардың қауіпсіздігі қашан да бірінші орында.

Байланысты жаналықтар

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023
MalimBlocks
Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады:

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр