Тамара Дүйсенова Шымкент қаласына келді

Айбек Ережеп

  • 20.05.2021

Тамара Дүйсенова Шымкент қаласына келді

Мемлекет басшысының көмекшісі – Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова Шымкент қаласына келіп, қала активімен  кездесті. 1-ші шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің басты нормалары жайында баяндады.

«1-шілдеден бастап біріншіден, «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы өтініштер қабылдайтын бірыңғай арна іске қосылады.  Тіпті, «Қазпоштамен» қағаз жүзінде жолданған өтініштердің өзі цифрлық форматқа ауыстырылып, электронды түрде тіркеледі. Осылайша,  «е-Өтініш» жүйесі өтініштерді қараудың бүкіл тарихы сақталатын біртұтас базаға айналады. Бұл барлық мемлекеттік және сот органдарына, сонымен қатар өтініш берушілерге қолжетімді жүйе болады»,-дейді Т.Дүйсенова.

Екіншіден, мемлекеттік органдар өтініштерді бұрынғы қабылданған шешімдер мен берілген жауаптарды ескере отырып қарайды.Үшіншіден, әрбір қаралған арыз-өтінішке мемлекеттік органда әкімшілік іс ашылады. Оның талаптары мен шарттары Кодексте нақты көрсетілген. Егер  арыз иесінің  талабы қанағаттандырылмайтын болса онда мемлекеттік орган міндетті түрде арыз иесін қабылдап, оған түсініктеме береді немесе заңдарда көрсетілген шешу жолдарын айқындап жауабын береді.

Арыз иесі оған да жауапқа қанағаттанбаса мемлекеттік органның немесе мемлекеттік қызметкердің үстінен сотқа шағымдануға құқылы. Төртіншіден, жаңа тәсілдің қазіргі жүйеден ерекшелігі – енді мемлекеттік органның жауабына шағымдану жаңа тәсілмен жүреді, берілген жауаптың немесе шешімнің дұрыстығын жауапты мемлекеттік орган дәлелдейтін болады.Яғни арыз иесі тек талап арызын ғана сотқа жеткізеді.

Жаңа Кодексте мемлекеттік органның азаматтар алдындағы жауапкершілігі күшейтіліп отыр.

Жиында сөз алған қала әкімі Мұрат Әйтенов қазіргі таңда Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарымен жоспарға сәйкес 798 қызметкер жүйеге енгізілгенін атап өтті. Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс бойынша әр азаматпен, тұрғынмен заң аясында сапалы жұмыс жүргізу ортақ міндет екенін айтқан қала басшысы бүгінде 444 қызметкер ақпараттық жүйемен жұмыс жасауға үйренгенін айтты.

Байланысты жаналықтар

Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

28.11.2023

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

28.11.2023

Оралда куратор студенттерге арақ ішуге рұқсат берген

28.11.2023

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

27.11.2023

Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, көз жұмды

27.11.2023

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

27.11.2023
MalimBlocks
Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

Мұндай әрекетке барған адам келесіде ауыр қылмыс жасайды

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

Оралда куратор студенттерге арақ ішуге рұқсат берген

Орал қаласындағы жоғары көпсалалы Болашақ колледжінің оқытушысы әрі екінші курс студенттерінің кураторы Айгерім Жасталапқызы кәмелет жасына толмаған (16 жас) студенттерге арақ, вино ішуге рұқсат берген. Мұны растайтын аудиофакт Malim.kz  редакциясына келіп түсті.

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы Абылай Мырзахметов 10 желтоқсанға дейін қамауда отырады. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат құралдары жазды.

Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, көз жұмды

Оқиға Назарбаев даңғылы бойында болған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлер жарақат алған