Текеліден турист үзілмеуі тиіс

Malim Админ

  • 02.12.2020

Текелі қаласы әкімінің қолы турист күтуден босамауы керек.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Текелі қаласы әкімінің есебі мен жоспарларын тыңдағанда Текелі әкімі Батыр Молдахметовке осындай міндет қойды. Расымен де, өңірде Текелі қаласын қысы-жазы  турист үзілмейтін танымал аймаққа айналдыруға жағдай бар.

Мәселен, Текелі қаласы әкімінің айтуынша, абаттандыру қаланың кіреберісінен басталмақ. Сосын,  «Горняцкий» шағын ауданының жер учаскесі көркейтілмек. Онда жаяу жүргіншілерге арналған жол, вело және мото туризмге арналған мың бұраулы жолдар салу, қысқы спорт түрлерін, парапланеризмді, құзға шығуды ұйымдастыру мен гидтер мектебін ашу жоспарланған. Сонымен қатар Қора өзеніндегі бастау да абаттандырылмақ.  Ол жерде Қора шатқалынан Бұрхан Бұлаққа дейінгі туристік бағытты танымал ете отырып, Будда тасы мен ежелгі петроглифтерді көретін туристік бағыт қалыптастыру және түрлі шағын архитектуралық формалар қою да осы жоспардың ішіне кірген екен.

Ал жалпы қаланың қауіпсіздігі үшін қосымша 50 бейнебақылау камерасы орнату қажет екен. Сол сияқты «Ақылды қала» жобасы бойынша жаңа технологиялар енгізу де алдағы жылдардың үлесінде.

Шешімін күткен мәселелердің қатарында шахталық суды сүзгіден өткізуге арналған тазарту құрылғысын сатып алу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ 2021 жылы екі 40 пәтерлі тұрғын үй салу көзделген. Қаржы қарастырылса баспанаға мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамту ісін жылдамдату үшін құны 87,2 млн. теңгеге 40 пәтерлік тағы 5 үйдің құрылысына қажетті құжаттамалар дайындау, Жастарға қызмет көрсету орталығын салу қолға алынады. Сонымен бірге ауыз су, жол, газдандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу мәселелері де назарда. Қала әкімінің хабарламасынан кейін Амандық Баталов Текелі қаласының табиғи ерекшелігін ескере отырып, даму бағытын соған сәйкес жүргізу қажеттігін айтты.

- Туризм бойынша белгілеген жоспарларың жақсы, қолдаймын. Инвестициялық жобалар тартумен де түбегейлі айналыс. Мысалы, Текеліде балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар. Қаланы газдандыру да алдағы жылдың басым бағыты болуы тиіс. 1,3 млрд. теңге бөліп, қалаға магистралды газ құбырын тарттық, енді соның игілігін халық көруі керек, - деді А. Баталов.

 

Байланысты жаналықтар

1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

30.03.2023

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

28.03.2023

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

27.03.2023

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

24.03.2023

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

23.03.2023
MalimBlocks
1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

Қазіргі бағадан 182-185 теңге жоғары

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жеткіліксіз

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

Мүфти Алланың атынан жалған сөйлеу, өте ауыр күнә екенін айтты

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

«Өзеннің арғы бетінде қалған» әріптестеріме не дейін?