Тоқаев: Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі керек

Malim Админ

  • 10.07.2021

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров отставкаға кетуі керек деп мәлімдеді.

"Биыл жем-шөппен қамту қаншалықты маңызды екенін бәріміз түсіндік. Қолайсыз ауа райы мен тиімсіз болжау салдарынан Маңғыстау мен Қызылордадағы ахуал қиын болып тұр. Маңғыстау облысында қырылған мал саны 3 мыңға жетті.

Министрлік пен әкімдіктер тиісті шаралар қабылдамады. Нақты және бірізді жұмыс жүргізілмеді. Солардың кінәсінен ауыр шаруашылығы шарасыз күйге түсті. Кері байланыстың жоқтығынан фермерлер тікелей менен көмек сұрай бастауға мәжбүр болды. Әрине, қуаңшылық – табиғи құбылыс, оны жақсы түсінемін. Мұндай қиын жағдайда жауапты министрлік тез арада жедел және шешімді түрде әрекет етуі керек еді. Бірақ министрлік бұл шаруаны атқара алмады. Сондықтан осы салаға жауапты адам – министр Сапархан Омаров отставкаға кетуі керек", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Маңғыстау және Қызылорда облыстарында қуаңшылыққа байланысты май жаппай қырылып жатыр. Ауыл шаруашылығы өткен аптада малдың қырылуы тоқтады, жем-шөп сатып алынып жатыр деп мәлімдеген. Алайда әлеуметтік желіде жергілікті халық мал әлі де қырылып жатқанын, жем-шөп жоқ болғандықтан, малды жаппай сатып жатқанын жазып жатыр. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев ауыл шаруашылығы министрін қызметінен кетірді

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін