«Тоқаев мырза, бізді қолы ұзын Еуразиялық банктен қорғауды сұраймыз!»

Antares Platinum компаниясы мен Еуразиялық банк арасындағы дау бірнеше жылдан бері жалғасып келеді...

Алмас НҮСІП

  • 16.03.2022

Antares Platinum компаниясы Мемлекет басшысынан оларды Еуразиялық банктің озбырлығынан және оның басшылығынан қорғауды сұрайды. Бұл туралы «Men media.kz» кросс-медиа платформасында өткен баспасөз конференциясында айтылды. Баспасөз конференциясына қатысқан компанияның заңгері Виктория Меленцова мен PR басқармасының директоры  Әлия Якупова компанияның Еуразиялық банктің қыспағына ұшырағанын айтады

Antares Platinum компаниясы мен Еуразиялық банк арасындағы дау басталғалы біраз болды. Еуразиялық банк компания қарызын төлемей отырғанын айтып арыз берген.

«Құрылыс компаниясы келісімнің бастапқы шарттарын қайтаруға тырысты, өйткені 6 млрд теңге қарызы бар. Бірақ Еуразиялық банк кез келген келіссөздерден үзілді-кесілді бас тартты. Сондықтан қарыз сомасы күн сайын өсіп келеді және бүгінде 19 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Біз үшін 19 млрд теңгелік қарыз төлеу тиімсіз. Еуразиялық БАНК өз құқығын қасақана теріс пайдалану арқылы біздің компаниямызды әдейі жойғалы отыр. Біз Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа біздің компанияны банкирлердің жөнсіз қыспағынан қорғауды және осы іске араласуды өтінеміз»,», - деді заңгер Меленцова.

Бұл даудың басы сонау 2014 жылдан басталады. 2000 жылдардан бастап Алматы мен Қазақстанның басқа да өңірлерінде құрылыс жобаларын жүргізеді. 2014 жылға дейін «РБК Банкпен» жұмыс істеген. Компания өкілдері бұл кезеңдерде банкпен ешқандай түсініспеушілік болмағанын айтады. 2014 жылдан бастап «Антарес ПЛАТИНУМ» Еуразиялық банктің клиенті болады. 1500 қызметкері бар компания осы жылдың 8 қазанында 2019 жылдың соңына дейін 9 млрд теңгеден астам  сомаға кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қояды. Несиенің кепілдігі ретінде компанияның құрылыс саласындағы жобаларына байланысты бірнеше келісімшарттар бекітіледі.

«Білесіздер, 2014-2015 жылдары теңге екі мәрте девальвацияға ұшырады. Осыған байланысты, Еуразиялық банк компанияға қосымша келісімге қол қоюды ұсынды. Онда теңге долларға байланысты болады деді. Өйткені Банктің резервінде Ұлттық валюта жоқ, бірақ 45 күн ішінде бұл мәселені реттеуге және долларға байланыстырудың күшін жоюға уәде берді. Қол қойылған күннен бастап, сол кезеңге дейін «АНТАРЕС ПЛАТИНУМ» несие желісі бойынша 3 миллиард теңгені ғана игерді. Алайда осы келісімге қол қойылғаннан кейін компанияның қарызы күтпеген жерден екі есе өсіп кетті», - дейді Виктория МЕЛЕНЦОВА. 

Осыдан кейін компанияның қарызы өсе берген. 2020 жылдың соңына қарай банк компаниядан 19 млрд теңге талап еткен. Компания өкілдері бұл соманың қайдан және қалай пайда болғанын білмейміз дейді. Бірнеше мәрте келіссөзге шақырып, түсініктеме талап еткенмен, банк басшылығы диалогтан бас тартыпты. Ешқандай аудит болмаған. Соның салдарынан құрылыс компаниясының бірнеше жобасы тоқтап, нысандардың құрылысы жоспардан қалған. 

«Банктің көрсетілген шарттары біз үшін өте ауыр және компанияны қиын жағдайға қалдырады. Ақтөбе облысы мен ШҚО-да нысандардың құрылысы тоқтап қалды. Еуразиялық банк ешқандай ақылға қонымды әрекет етпей отыр. Керісінше, 2016 жылдан бастап банк бізбен қандай да бір келіссөздер жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты, біздің негізгі қарызымызды өтеуге тиіс кез келген ақшалай қаражатты банк айыппұлдар мен өсімпұлдарға қосып, осынша соманы есептен шығарады», - дейді компания PR басқармасының директоры  Әлия Якупова.

2018 жылы Ал 2018 жылы Еуразиялық банк Басқармасының бұрынғы директоры Павел Логиновтың өтініші бойынша «Антарес ПЛАТИНУМ» компаниясының басшысы Игорь Тарасовқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл іс осы күнге дейін бірнеше мәрте қозғалып, бірнеше мәрте тоқтатылған. Қазір Алматы прокуратурасы бесінші мәрте қылмыстық іс қозғап отыр. Компания өкілдері бұрын прокуратура органдарында істеген, қазір Еуразиялық банктің топ-менеджерлері болып жүрген адамдардың әрекеті деп отыр.

Даудың бір түйіні ретінде соттың «Антарес ПЛАТИНУМ» компаниясын оңалту туралы шешім шығарған. Бірақ Еуразиялық БАНК бұған келіспей, компанияның оңалту туралы жоспарға қол қоюдан бас тартқан. Олар бұл жоспарға 19 миллиард теңгені өтегенде ғана келісетіндерін айтқан. Және Жоғарғы сотқа Оңалту туралы шешімді қайта қарау туралы арыз берген, сот олардың өтінішін қанағаттандырмаған. Соған қарамастан, банк Жоғарғы соттың шешімін орындамай отыр дейді. «Банктің қолы ұзын, сол себепті, олар қандай шешім болса да орындамауға бар», дейді компания қызметкерлері.

5 жылдан бері жұмысы жүрмей, көптеген жобалары тоқтап тұрған компания Тоқаевтың араласуымен ісіміз алға басып, компанияны оңалту туралы шешімнің іске асыуына ықпал етеді деп үміттенеді. 1,5 мың адамның артында 1,5 мың отбасы тұрғанын, соның бәрін жұмыспен қамтып отырған алпауыт компанияны алмаған қарызға, өсімпұлмен батырып қойып, жұмысына кедергі келтіріп отырған Еуразиялық банкке тоқтау салар дейді.

Баспасөз конференциясында журналистер тарапынан бірнеше сұрақ қойылды. Және компания өкілдері бұған дейін бұл дау туралы жазған «Комсомольская правда», «365 инфо» бастаған БАҚ өкілдерінің бір жақты ақпарат таратып келгенін, бір де бір мәрте  компанияның заңгері ретінде пікірін сұрап келмегенін айтады. Және алдағы уақытта қандай формада болса да қоғамдық тыңдауларға, сұхбаттарға дайынбыз деп отыр. Және банк басшылығымен келіссөз жүргізуге, қарыздың қандай негізге сүйеніп есептелгенін түсіндіріп беруін талап етеді. Компания қазіргі уақытта тендерге қатыса алмайды, егер бұл қыспақтар жалғаса берсе, күндердің күні банкрот жарияласа, одан ешкімге пайда жоқ екенін ескеруіміз керек дейді.  Компания өкілдері «Еуразиялық банктің» мақсаты қарызды қайтару емес, кредиттік желіні пайдаланып, кіріс әкеліп тұрған бизнесті тартып алғысы келетін сияқты дегенді де айтты.

Баспасөз конференциясы аяқтала салып, іле-шала банк баспасөз қызметі хабарлама таратты.

«ANTARES PLATINUM» компаниялар тобы – Еуразиялық банктің 2018 жылдан бері қиындық туғызып келе жатқан клиенті. 2014 жылы банк Тарасов мырзаның иелігіндегі компанияларға несие желісін берген болатын, ал 2020 жылғы желтоқсаннан бастап қарыз алушыға сыйақы мен өсімпұл есептеуді тоқтатты. Банк қарыз алушымен өзара қарым-қатынастарын кредиттік шарттың талаптарына және қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырады», – дейді.

Банк бұрынғысынша «ANTARES PLATINUM» компаниялар тобын «қарызын өтеуден жалтарды» деп айыптап отыр. Және қазір «банк өзінің беделін қорғау үшін құқық қорғау органдары мен сот инстанцияларына жүгіну мүмкіндігін қарастыруда».

Байланысты жаналықтар

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

22.09.2023

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

20.09.2023

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

20.09.2023

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

18.09.2023
MalimBlocks
Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

Министерство высшего образования разработало проект: родителям предлагают копить на учебу детей по системе "Келешек", сообщает Sputnik.kz.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

Қатты соққының әсерінен мұрыны сынып, ота да жасатқан

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

Алматы облысы Талғар ауданында ауруханада қайтыс болған марқұмның туыстары жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін ұрып кеткен.

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.