Түркістан облысы тауларында жоғалған жетінші адамның мәйіті табылды

Malim Админ

  • 22.06.2021

Түркістан облысы тауларында жоғалған жетінші адамның мәйіті табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік хабарлады.

"Түркістан облысы  Төлеби ауданына қарасты «Сайрам-Өгем» шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды. 22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан", - деді төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

Мүрдені тасымалдау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы оқиға орнына бара жатыр. Табылған мәйіт сараптама жасалу үшін полиция қызметкерлеріне табысталады.

27 мамыр күні Түркістан облысы тауларында жеті туристің жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Жеті студент 21 мамыр күні Түлкібас ауданындағы "Сайрам Өгем" шатқалына жаяу табиғатқа шығып, жоғалып кеткен. Олардың арасында Ақтөбе, Атырау, Орал және Жезқазғаннан келгендер болған.

 Туристер 24 мамыр күні оралуы тиіс еді. Құтқарушылар туристерді 25 мамырдан бастап іздеді. Іздестіру жұмыстарына жоғалып кеткен туристердің туыстары мен Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігі қатысты.

28 мамыр күні жоғалып кеткен туристердің үшеуі тірі табылып құтқарылды. Ал 19 мамыр күні екі туристің мәйіті табылды.

1 маусым күні туристердің бірінің сөмкесі Өгем өзенінен табылды. 8 маусым күні Айғыржыққан және Өгем өзендерінің маңынан туристің тағы басқа заттары табылды.

12 маусым күні тағы бір туристің мәйіті табылған болатын.

Оқиғаға байланысты Түркістан облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған. 

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін