Түркістан: Халық жаңаша серпіліс қажет екенін ұқты

Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылды. Елдегі саяси реформалар негізінде Конституциямызға енгізілетін жаңа өзгерістер уақыт талабымен пісіп-жетілген, халық көкейінде жүрген сан сауалдардың нақты жауабы. Қазақстанның өзгергенін, жаңа Қазақстан болғанын, жаңаша бағытта жүргенімізді, әрі қарай дамығанын қалаймын. Сол себепті, мен туыстарымды, достарымды барлық жақындарымды референдумға атсалысуға шақырдым. Бардым, өз таңдауымды жасап, елімің болашағы үшін өз үлесімді қостым десем артық болмас. Өйткені болашағымыз көркеюі керек.
Түркістан жұртшылығы бұл референдумды қолдауда белсенділік танытқанының куәсі болдым. Оның себебі де жоқ емес, өйткені халық ескі жүйеден жылықты, жаңашыл бір серпіліс қажет екенін ұққанын түсіндім. Облысымыздың жұршылығы үлкен-кіші демей түгел қоштап, қолдау білдіргенін көріп іштей қуандым. Бұл ертеңгі Жаңа Қазақстанның дәл осы күннен басталғанының бір көрінісі еді.
Жалпы алғанда, референдумда заңның 33 бабына 56 өзгеріс енгізілді. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын белгілі заңгер-құқықтанушылар және конституциялық құқық саласының мамандары әзірледі. Оған Конституциялық Кеңес оң бағасын берді. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді. Атап айтқанда, мынадай үдерістерге құқықтық негіз қалыптастыруға арналған:
Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу;
Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу;
Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру;
Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту;
Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру.
Осы аталған өзгерістер еліміздің дамуына жол ашатынына сенімім мол. Себебі Президентіміз өз сөзінде «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанда әділеттілік орнату. Ол үшін өткеннен сабақ алып, өткеннің қателігін түзетіп, қордаланған мәселелерді шешу керек деген болатын. Осындай нақты қадам, батыл бастамалардың нәтежиесі елдің қарыштап дамуына серпін болары ақиқат.
Жаңа Қазақстанды құруға апаратын жол референдумнан бастау алды деп ойлаймын. Себебі референдумдағы өзгерістер оң нәтижесін беріп жатқанына баршамыз куәгерміз. Осыған дейін депутаттыққа үміткер болуы үшін саяси партияның өкілі болуы қажет ететін болса, енді Қазақстанның кез-келген азаматы партияға мүше болмай-ақ өзін парламент, мәслихат депутатына ұсына алады. Маған ұнағаны сол депутат халықтың қамын ойлайтын адам ғой. Ондай адам қара халықтың ішінен шығуы керек. Президент енді ешқашан саяси партия мүшесі болмайды. Одан кейін оның туыстары ешқандай лауазымға тағайындалмайды. Одан кейін біздің жеріміз ешқашан, ешқандай шетелге сатылмайды. Осы сынды өзгерістер елдің дамуының кепілі екені анық.
Әкімдерді сайлау бұл қоғам талабына сай үдеріс деуге болады. Соның өзі демократия деп санаймын. Осы уақытқа дейін тек тағайындау арқылы жүргізілетін бұл үрдіс түбегейлі реформаланды. Ауыл әкімін сол ауылдық округке қарасты ауылдардың тұрғындары дауыс беру арқылы сайлайды. Ауылға жанашыр іскер азаматтарымыз қазіргі таңда халықтың ықыласына бөленіп, ауыл әкімі болып қызметтерін жасауда. Елдің батасын алып, рақметіне бөленуден артық ештеңе жоқ шығар, сірә.
Мен Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы болып қызмет атқарам. Өздеріңізге белгілі, Сауран ауданы аты көне болғанымен заты жаңа, енді ғана құрылған жас аудан. Бірақ құрылғанымыз кеше болса да жетістіктеріміз жетерлік. Ауданымыздың тумалары өздерін әр салада үздіктер қатарынан көрсете білуде.
Қазіргі таңда ауданымызда жалпы 33030 жас бар. Біздің басты мақсатымыз –сол жастарымыздың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесіп, жастар саясатын дамыту, келешек жастардың жарқын болашағына зор үлес қосу. Жастар ортасында волонтерлік қызметті дамыту, жас отбасылармен жұмыс жүргізу және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу де назарда тұр. Сондай-а, жастар орталығымыздың осы күнге дейінгі жетістіктерін айтып кетпесек болмас. Көптеген облыстық деңгейде ұйымдастырылған интеллектуалды сайыстар, спорттық ойындар және т.б. белді деген іс-шаралардың басы қасында болып, жүлделі орындардың төрінен көрініп жүрген жайымыз бар.
Айгерім Ералықызы,
Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.