Үкімет азық-түлік қымбаттамау үшін не істеп жатыр?

Malim Админ

  • 16.09.2020

Бүгін премьер-министр Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен өткен үкімет отырысында күнделікті тұрмыста пайдалынылатын тауарлар бағасын реттеу және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жағы талқыланды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Үкімет басшысы дүниежүзін коронавирус әбігерге салып жатқанда халық үнемі тұтынатын әлеуметтік тауарлардың бағасын өсірмеу және қолдан түрлі тапшылықтарға тосқауыл қою керектігін нықтап айтты. Мамин кабинеті азық-түліктің он түрінің бағасын қатаң бақылауға алатын болады. Олар: Пияз, сәбіз, картоп, қызылша, күріш, ұн, нан, жылқы, қой мен сиыр еті. Бұл тауарлардың себепсіз қымбаттап кеткені жөнінде фактілер де жоқ емес екен. Енді осы жағын қадағалаудың жаңа жолдары қарастырылады.

«Әкімдіктер алдын алу шараларын дер кезінде қабылдаса, бағаның тұрақтылығы мен оны тежеу қамтамасыз етіледі. Біз импортқа тәуелділікті азайту үшін жұмыс жасап жатырмыз. Бағаны қымбаттатуға ешбір себеп жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық түрлері бойынша бағаның тұрақтылығына қатаң бақылау қамтамасыз етіледі», — деді премьер-министр Асқар Мамин. 

Ұлттық экономика министрі Руслан ДӘЛЕНОВТЫҢ мәліметінше азық-түлік бағасының ең жоғарғы өсуі Нұр-Сұлтан, Жезқазған және Талдықорған қалаларында байқалған. Барлық өңірлердегі   тауарлар бағасы инфляциядан жоғарлаған екен. Сауда және интеграция министрі Бақыт СҰЛТАНОВ оған себеп делдалдар дейді.

«Бағаның өсу себептері, реттелмеген өндіріс, тиімсіз делдалдар санының көп болуы, сақтау шарттарының орындалмауы, тұтынушыға дейін кепілденген жеткізу арналарының жоқтығы себеп болып отыр. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтық бірыңғай нарығы аясында баға қалыптастыруға елдердің өзара әсері байқалуда», - дейді Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі. 

Осы мәселеге қатысты өңірлердегі ахуал туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай КӨЛГІНОВ, Солтүстік Қазақстан облысыынң басшысы Құмар АҚСАҚАЛОВ және Ақмола облысының әкімі Ермек МАРЖЫҚПАЕВ баяндама жасады. Сондай-ақ үкімет басшысы бағаның өспеу үшін отандық кәсіпкерлерді қолдауға шақырды. Бұл бұқараның тұрмысына кері әсер етпейді және елдегі бизнесті дамуы мен жұмыс орындарының ашылуына әсер етпек. Айтпақшы, ауылшаруашылық тауарын өндіретін кәсіпкерлерге қолдауға 24, 5 миллиард теңге бөлінген. Премьер министр Асқар Мамин Ауылшаруашылық министрі Сапархан ОМАРОВҚА әкімдіктермен бірігіп өзімізден шығатын тауарлардың бағасының бейберекет өсіп кетпеуін қадағалауды тапсырды.

Апта сайын азық-түлік құнына бақылау жүргізіліп, ішкі сауда ережелері өзгеретін болды. Асқар ҰЗАҚБАЙҰЛЫ  «Азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету қазақстандықтардың тұрмыс сапасының басты факторларының бірі», — деп сөзін түйіндеді.

С. Назарова

Фото: mail.kz

Байланысты жаналықтар

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

29.11.2023

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

29.11.2023
MalimBlocks
Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

7 жыл бойы донор іздегендер бар

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуына жағдай жасалып, диалог күшейтілді.