Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды

Malim Админ

  • 08.02.2020

Президент тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы Жамбыл облысына барды. 

Қордай ауылында вице-премьер аруханаға барды, топтасқан төбелес кезінде зардап шеккен тұрғындармен сөйлесті. Медициналық мекемелерге 12 адам жатқызылды, 20 адам бақылауда және емханадан шығаруға әзірленуде. 5 пациент санитариялық авиация желісі бойынша Алматы қаласына, 1 пациент Тараз қаласына ауыстырылды. Барлығына қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Медициналық көмекке барлығы 127 адам жүгінді, оның ішінде 84 адам тексеруден соң үйлеріне жіберілді.

Аудан ақсақалдарымен әңгімелесу кезінде Бердібек Сапарбаев болған кикілжіңнің негізгі себептері туралы сұрады. «Себебі - тұрмыстық кикілжің. Қазір жағдай тұрақталды. Барлығы заң бойынша, құқықтық сала аясында болуын сұраймыз», - деді Сортөбе ауылының тұрғыны Арли Мусаров.

Вице-премьер ауданда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет комиссиясы арнайы келгенін атап айтты.

«Біз сіздерден, қоғамда беделі бар ақсақалдардан тұрғындарға біздің жағдайды объективті тұрғыда анықтау үшін келгенімізді түсіндірулеріңізді өтінеміз. Кінәлілер жазасын тартады. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық және басқа да көмек көрсетіліп жатыр. Қазір басты мәселе - өңірдегі тұрақтылықты, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету», - деді Б. Сапарбаев.

Қордай ауданында Үкімет комиссиясы Қордай, Масанчи, Ауқатты, Сортөбе елді мекендеріндегі қазіргі жағдаймен танысып, жергілікті тұрғындармен, оқиға кезінде қаза тапқандардың отбасыларымен бірқатар кездесу өткізеді, зардап шеккендерге барады, тұрғын үйлерді, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды аралап көреді.

Сонымен қатар жергілікті жерде әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді шешу бойынша шұғыл шаралар қабылданады. Облыс әкімдігімен бірлесіп қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыру, келтірілген залалды бағалау және зардап шеккен меншік нысандарын қалпына келтіру бойынша көмек көрсетіледі.

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

07.05.2025

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

06.05.2025

Үндістан алдағы 36 сағатта Пәкістанға әскери соққы жасауы мүмкін

30.04.2025

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

25.03.2025

Израиль шабуылға шықты: Газада қаза тапқандар 200-ден асты

18.03.2025
MalimBlocks
Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

Бұл туралы Трамп Канада премьер-министрімен кездесуінде айтты

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

Әуе соққысынан 16 адам зардап шекті

Үндістан алдағы 36 сағатта Пәкістанға әскери соққы жасауы мүмкін

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

Израиль шабуылға шықты: Газада қаза тапқандар 200-ден асты

Шабуыл салдарынан Газа секторында бейбіт тұрғындар қаза тауып жатыр