"Үстемақы медицина мамандарын ынталандырады"

"Дәрігерлердің жалақысына қосылатын президенттік үстемеақы өте маңызды қолдауға айналды" дейді елордалық фтизиопульмонология орталығының дәрігері Марал Әбдірахманова.
«Біздің бөлімнің ұжымына кеше президент тапсырмасымен тағайындалған үстемеақы берілді. Ұжым атынан үкімет пен президентке алғыс айтқым келеді. Барлық дәрігер, медбикелер, одан да басқа қызметкерлер осындай қиын кезеңде қаржылай көмек алып отыр. Олар мұнда күндіз-түні жұмыс істейді,коронавирустық инфекциямен алдыңғы шепте күресіп жүр. Медициналық қызметкерлерді үш топқа бөлді, ал ең жоғары қаупіте тұрған біздің ұжымға 3 ай бойы 20 АЕК көлемінде 850 мың теңге қосымша төленді. Оған дейін де президент тапсырмасымен сыйақы түскен еді, бұл медициналық қызметкерлерді ынталандырады», - деді М. Әбдірахманова.
Үстемақыан бөек қалалық фтизиопульмонология орталығының мамандарына басқа да қолдау көрсетіліп жатыр. Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлер «Hilton» қонақүйіне уақытша жайғасты және барлық тағаммен, жұмысқа барып-келетін арнайы көлікпен қамтамасыз етілді. Одан бөлек дәрігерлер арнайы киім, маска, көзілдірік сынды қорғаныс құралдарымен және иммунитетті нығайтатын дәрумендермен толық қамтылды. «Орталықта науқастарға қажетті барлық дәрі-дәрмек бар. Орталық дәрігерлеріне үздік клиника мамандары телефонмен және бейнебайланыспен консультациялық көмек береді. Мемлекеттің осындай қолдауы үшін қуаныштымыз. Әрине, біз де індетті еңсеруге бар күшімізді саламыз», - деді М.Әбдірахманова.
Еске сала кетсек, наурыз айының соңында ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы шараларға атсалысқан медициналық қызметкерлерге үстемеақы тағайындады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?
Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.